Жаңалықтар
-
-
-
-
-
-
-
06.10.2022
Бірден бірнеше республикалық ұйым Қасым-Жомарт Тоқаевты президенттікке кандидат ретінде ұсыну туралы бастама көтерді Ұлттық волонтерлік желісі кезектен тыс президент сайлауына өз кандидатурасын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бүгін елордада ұлттық волонтерлік желісінің жиыны өтті. Аталған жиында еліміздің волонтерлер қауымы 20 қарашада өтетін президент сайлауына кандидат ретінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты бірауыздан ұсынды. «Осы жылдар ішінде Мемлекет басшысы волонтерлік саладағы барлық маңызды бастамаларды қолдап келеді. Сондай-ақ волонтерлер мен волонтерлік ұйымдардың қызметін және еңбегін жоғары бағалады. Президент волонтерлерге үлкен сенім артады, Мемлекет басшысының қолдауы бізді шабыттандырады. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа деген сенім мандатымыз еліміздің көркеюі мен халқымыздың мүддесі үшін бағытталған. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған мемлекеттік бағдарламалар мен реформалардың жемісін барша қазақстандық көріп отыр. Біздің Президентіміз волонтерлік қозғалысты қолдайды, ендеше біз де өз Президентімізді қолдаймыз», - деді ұлттық волонтерлік желісінің төрағасы Вера Ким. Оның айтуынша, бүгінде елімізде 200 мыңнан астам волонтерді қамтыған 600-ден астам волонтерлік ұйым жұмыс істейді. Қазақстанның Азаматтық альянсы да Президент лауазымына қазіргі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды. «1 қыркүйек күні Мемлекет басшысы өз Жолдауында күзде Президент сайлауы өтетінін айтқан сәттен бері маған, Қазақстанның Азаматтық альянсының президенті, біздің бірлестіктің жоғары лауазымды тұлғасы ретінде көптеген өтініштер, телефон қоңыраулары келіп түсті. Олар қазіргі Мемлекет басшысының кандидатурасын ҚР Президенті лауазымына ұсынуымызды өтініп қана қоймай, талап етуде», - деді Бану Нұрғазиева ұйымның конференциясында.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1664945918
-
-
06.10.2022
ЖСН-ге ұқсас бірегей нөмір Қазақстандағы құрылыс нысандарында да пайда болады ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекеттік қала құрылысы кадастры жүйесін енгізу мәселесі қаралды. Аталған тақырып бойынша индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов және Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек баяндама жасады. ИИДМ басшысының хабарлауынша, Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған жүйесі – елді мекендердің ағымдағы және жоспарланып отырған дамуы туралы ақпаратты қамтамасыз етудің негізгі құралдарының бірі. Бұл жүйе цифрлық бас жоспарларды, егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын, ғимараттар мен құрылыстардың орналасуы, инженерлік инфрақұрылым, көше-жол желісі, сондай-ақ абаттандыру туралы деректерді жинауды, өңдеуді және сақтауды қамтамасыз етеді. Жүйенің негізгі міндеттері: қала құрылысы кадастры деректерін толтыру және өзектендіру, халықпен бизнесті инженерлік желілер туралы өзекті ақпаратпен қамтамасыз ету, инфрақұрылымдық деректерді цифрландыру есебінен техникалық шарттарды алудың ашық процесін қалыптастыру.
https://ortcom.kz/kk/deyatelnost-pravitelstva/1664865051
-
06.10.2022
1 млрд теңгеден астам үнемдеу: Астанадағы әлеуметтік нысандар газға көшірілді Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов өзінің Instagram парақшасында жазды. Әлеуметтік нысандарды газға қосудамыз. Елорданың елді мекендерінде автономды жылу көздері арқылы жылытылған әлеуметтік нысандар бар. Олар автономды жылу көздері арқылы, яғни, көмір немесе бірнеше есе қымбат дизель отыны арқылы жылытылды. 20 әлеуметтік нысанның (Алматы және Сарыарқа ауданы) 13 нысаны газға ауыстырылды, қалған 7 нысан бойынша іске қосу-жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Олардың қатарында елді мекендердегі бірқатар көпқабатты тұрғын үйлерді жылытқан 3 аудандық жылу қазандығы да бар. Бұл объектілерді газға ауыстыру есебінен жалпы үнемдеу жылына 1 млрд теңгеден асады. Мысалы, бұрын №40 мектеп дизельдік отынмен жылытуға жылына 160 миллион теңгеге жуық қаржы жұмсаса, газбен бұл сома шамамен 4 есеге азайды. Ал, «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының үнемдеуі жылына 60 миллион теңгеден асады. Үйлерін газға ауыстырған Көктал-1 ауданының тұрғындарымен кездестім. Тұрғындар көмір сатып алудың, күлді тазалаудың, күні бойы үйде отынды қадағалаудың қажеті жоқ екендігін, сондай-ақ, газдандыру экологиялық таза және қауіпсіз екенін атап өтті, - деп жазды шаһар басшысы.
https://ortcom.kz/kk/deyatelnost-pravitelstva/1664943584