«Айгөлек» №1 балабақшасы» МКҚК-да балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметі туралы ЕРЕЖЕ

 

2.2. ППСҚ негізгі міндеттері:

  • тәрбиеленушілердің ерекше білім беру қажеттіліктерін анықтау және бағалау;
  • топта және жеке, кіші топтық, топтық оқытуда ерекше білім беру қажеттіліктері бар тәрбиеленушіге психологиялық-педагогикалық көмек көрсету;
  • білім беру процесінің барлық қатысушылары үшін білім беру ұйымында қауіпсіз және психологиялық жайлы оқу ортасын құру;
  • сапалы білім беруді қамтамасыз ету үшін ерекше білім беру қажеттіліктері бар тәрбиеленушінің педагогтері мен отбасына консультациялық-әдістемелік көмек;
  • баланы түзету-дамыту, тәрбиелеу және оқыту нәтижелілігінің мониторингі.

 

3. Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің жұмыс тәртібі

 

3.1.Бірінші кезеңде

МДҰ басшысы:

  • психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметін құру туралы бұйрық шығарады;
  • ППСҚ қызметі туралы ережені бекітеді;
  • мамандардың лауазымдық міндеттерін бекітеді, пәнаралық негізде педагогтер мен мамандардың кәсіби өсуіне жағдай жасайды;
  • жеке оқу жоспарлары, жеке/бейімделген оқу бағдарламалары, мамандардың жеке дамытушы бағдарламаларынан тұратын, тәрбиеленушілерді психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің жеке бағдарламаларын бекітеді;
  • мамандардың бағыныстылық сатылығын және олардың өзара әрекеттесу принциптерін құрады;
  • балалар ұжымын біріктіретін жағдайлар жасайды;
  • ЕББҚ бар мектеп жасына дейінгі балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді және дамытуды, қолдауды жүзеге асыратын басқа білім беру ұйымдарымен өзара іс-қимыл жүргізу үшін жағдай жасайды.

МДҰ әдіскерлері:

  • тәрбиеленушілердің білім беру қажеттіліктерін бағалау процесін ұйымдастырады, білім беру қажеттіліктерін бағалау кезеңінде және тәрбиеленушілерді, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғаларды (балаларды) психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу процесінде тәрбиешілердің, мамандар мен ата-аналардың өзара іс-қимылын реттейді;
  • психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асыратын мамандардың құжаттамасын жинау мен қалыптастыруды бақылайды;
  • ППСҚ педагогтері мен мамандарын бағдарламалық әдістемелік әдебиеттер, оқу, оқу-әдістемелік құралдар, дидактикалық материалдар, сондай-ақ арнайы жабдықтармен қамтамасыз етеді;
  • педагогтер мен мамандарды ЕББҚ бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарының өткізілуі туралы хабардар етеді.

МДҰ тәрбиешілері:

  • тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтарын, бейімділігі мен қажеттіліктерін зерттейді;
  • тәрбиеленушілердің оқу бағдарламаларын меңгерудегі қиындықтарын анықтау мақсатында оқу жетістіктеріне мониторинг жүргізеді;
  • ата-аналарға және өзге де заңды өкілдерге кеңес береді;
  • тәрбиеленушілердің, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғалардың (балалардың) жеке ерекшеліктеріне қатысты кәсіби этика мен құпиялықты сақтайды;
  • қажет болған жағдайда кеңес алу үшін психологтерге, әлеуметтік педагогтерге немесе білім беру ұйымының арнаулы педагогтеріне жүгінеді.

 МДҰ педагог-психологтері:

  • тәрбиеленушілерге, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғаларға (балаларға) консультациялар, жеке, кіші топтық және топтық дамыту ҰІӘ түрінде психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу көрсетеді;
  • тәрбиеленушілерге, педагогтерге, ата-аналарға немесе өзге де заңды өкілдерге білім беру қызметіндегі қиындықтарға байланысты психологиялық проблемаларды шешуге консультациялық көмек және психологиялық қолдау көрсетеді.

Әлеуметтік педагогтер:

  • тәрбиеленушілердің қызығушылықтары мен қажеттіліктерін анықтайды;
  • әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың міндеттерін, нысандарын, әдістерін, баланың жеке және әлеуметтік мәселелерін шешу жолдарын анықтайды;
  • тәрбиеленушілердің жеке басының құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру үшін әлеуметтік қорғау және әлеуметтік көмек көрсету жөнінде шаралар қабылдайды;
  • білім беру ұйымдарында және тұрғылықты жері бойынша тәрбиеленушілерді тәрбиелеу, білім беру, дамыту және әлеуметтік қорғау, жеке тұлғаның қоғамдағы өмірге бейімделуін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асырады.

3.2. Екінші кезеңде

МДҰ басшысы:

  • ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау немесе ПМПК ұсынымы негізінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғаларды (балаларды) психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің жеке бағдарламаларын, оның ішінде жеке оқу жоспарлары мен бағдарламаларын, мамандардың жеке дамыту және түзету-дамыту бағдарламаларын бекітеді;
  • психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу үшін ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың тізімін бекітеді.

МДҰ әдіскерлері:

  • психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу процесін ұйымдастырады және бақылайды;
  • ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғаларды (балаларды) психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің жеке бағдарламасын құруға, сүйемелдеу нәтижелерін, тәрбиеленушінің даму динамикасын талқылауға қатысады, ерекше білім беру қажеттіліктері бар тәрбиеленушілерді ҰІӘ тыс және бос уақытта өткізілетін іс-шараларға қосады;
  • ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғаларды (балаларды) жеке сүйемелдеу процесінің тиімділігін арттыру мақсатында педагог-ассистенттерді білім беру ұйымдарына ротациялауды жүзеге асырады.

            МДҰ тәрбиешілері:

  • оқу бағдарламаларын бейімдеуді орындайды;
  • ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғаларды (балаларды) оқыту және жетістіктерін бағалау процесін даралайды, білім мен біліктердің, дағдылардың олқылықтарының орнын толтырады;
  • ОӘК, оқу материалдарын таңдайды; ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдардың (балалардың) дамуының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбие-білім беру процесін ұйымдастырады;
  • ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғалардың (балалардың) физикалық, психикалық және рухани денсаулығын сақтау мақсатында ҰІӘ және күн тәртібінде эмоционалдық жайлылық атмосферасын орнатады.

3.3. Мектепке дейінгі ұйымның ППСҚ қызметінің жұмысы меңгерушінің, әдіскердің тікелей басшылығымен қамтамасыз етіледі, МДҰ-ның нормативтік құқықтық және әдістемелік базасымен үйлестіріледі.

3.3. Дамуында ерекше білім беру қажеттілігі бар баланы психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның (әрі қарай – ПМПК) қорытындысы мен ұсынымдары негізінде ұйымдастырылады және білім беру ұйымының ішінде штаттық мамандары (арнаулы педагог, психолог, мұғалім-логопед, әлеуметтік педагог, ЕДШ маманы және басқалар), сондай-ақ ұйымнан тыс арнайы мекемелердің (психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, оңалту орталығы, түзету және инклюзивті білім беру кабинеті) мамандары, сондай-ақ шарттық негізде арнайы (түзету) білім беру ұйымдарының педагогтерімен жүзеге асыра алады.

3.4. ППСҚ жұмысы МДҰ меңгерушісі бекіткен жұмыс жоспарына сәйкес жүргізіледі.

3.5. Кіші топтық (2-4 бала), топтық (6-8 бала) ҰІӘ өткізу үшін арнаулы педагогтер ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғаларды (балаларды) дамуындағы бұзушылықтардың бірегейлігі қағидаты бойынша біріктіреді. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғалар (балалар) үшін апта ішінде өткізілетін жеке, кіші топтық, топтық ҰІӘ саны олардың білім берудің жеке қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып бекітіледі.

3.6. Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған жеке, кіші және топтық ҰІӘ ұзақтығы 35-тен 45 мин. дейін.

3.7. Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің мамандары ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жеке, кіші топтық, топтық ҰІӘ өткізулері үшін «Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70-бұйрығы негізінде құрал-жабдықтар және жиһаздармен жабдықталған кабинеттердің бар болуы ескерілуі тиіс.

3.8. Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау негізінде тәрбиеленушілерді, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғаларды (балаларды) психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен келесі жылдың 25 мамырына дейін жүзеге асырылады.

3.9. ППСҚ құжаттамасы:

1) ППСҚ қатысатын балаларды есепке алу журналы (1-қосымша);

2) тәрбиеленушіні психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің жеке бағдарламасы (2-қосымша):

- баланың дамуының қазіргі жағдайын бағалау;

- мамандар мен педагогтер жұмысының негізгі бағыттары;

- тәрбиешілерге, ата-аналарға (заңды өкілдерге) баланы дамыту, оқыту және тәрбиелеу жөніндегі ұсынымдар;

 - тәрбиеленушінің дамуын динамикалық бақылау, баламен жұмыстың мазмұны мен ұйымдастырылуындағы өзгерістер;

- келесі уақыт кезеңіне арналған жұмыс бойынша қосымша ұсынымдар.

3) ППСҚ отырыстарының кестесі (3-қосымша);

4) ППСҚ отырыстарының хаттамалары (4-қосымша);

5) ППСҚ жұмыс жоспары (5-қосымша).


3.10. ППСҚ отырысында:

- баланы тексеру нәтижелерінің қорытындылары шығарылады; оған үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын табысты игеруге, оны дамытуға, әлеуметтік бейімделуіне кедергі келтіретін және оның күшті қырларының ерекшеліктерін бірлесіп талқылау жүргізіледі;

- алынған диагностикалық деректер мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен дамытудағы қиындықтардың қолданыстағы типологияларымен салыстырылады;

- тәрбиеленушінің жиынтық сипаттамасы жасалады;

- ерекше білім беру қажеттіліктері, оқытудың арнайы шарттары және психологиялық-педагогикалық қолдау бағыттары айқындалады.

3.11. «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мектепке дейінгі ұйымның психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметі мамандарының сағаттық апталық оқу жүктемесі 24 сағатты құрайды.

 

5. Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің негізгі бағыттары

5.1. Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу жөніндегі қызметтің негізгі бағыттары:

- психологиялық, педагогикалық және логопедиялық диагностика және түзету ҰІӘ жүргізу.

5.2. Педагогтер мен ата-аналарға консультациялар беру арқылы ағарту жұмысын жүргізу, педагогикалық кеңестерге, ата-аналар жиналыстарына қатысу, МДҰ жағдайында дамыту, оқыту, тәрбиелеу мәселелері бойынша тренингтер өткізу.

5.3. Кәсіби түрде қолдану үшін тәсілдер, құралдар мен әдістерді әзірлеу мақсатында баланың жеке тұлғасын дамыту және қалыптастыру мәселелері бойынша МДҰ ұжымының мүшелерімен өзара іс-қимыл жүргізу.

5.4. Тәуекел тобындағы балаларға, бағдарламаны меңгеруде қиындықтары бар балаларға арналған психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің жеке бағдарламасын (сүйемелдеудің жеке бағдарламасына сәйкес) құрастыру.

5.5. Психологиялық диагностика және түзету ҰІӘ өткізу тәрбиеленушілердің ата-аналарының (заңды өкілдерінің) келісімімен ғана жүзеге асырылады.

5.6. Тәрбиеленушілердің педагогтері мен ата-аналарына (заңды өкілдеріне) консультациялар арқылы психологиялық білім беру, педагогикалық кеңестерге, ата-аналар жиналыстарына қатысу, МДҰ жағдайында дамыту, оқыту, тәрбиелеу мәселелері бойынша тренингтер өткізу.

5.7. МДҰ-да қолайлы психологиялық ахуалды дамыту бойынша әртүрлі жұмыс түрлерін жүргізу.

 

6. Құқықтары мен міндеттері

            6.1. ППСҚ ұйымдастыру және психологиялық көмек көрсету кезінде психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің мамандары өз шешімдері мен стратегияларын тәуелсіз түрде таңдайды, тәрбиеленушілердің құқықтарын, кәсіби борышын, білім беру және балалардың құқықтарын қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.

6.2. ППСҚ әкімшілігі тәрбиеленушілерді психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыруға және оның сапасына, білім беру процесіне қатысушылардың барлығының мінез-құлқының төзімді (толерантты) мәдениеті негізінде қауіпсіз және психологиялық жайлы ортаны қамтамасыз етуге жауапты.

6.3. Білім беру ұйымының психологиялық-педагогикалық кадрлары тиісті кәсіби-педагогикалық даярлыққа ие болуы, осы Қағидаларға, біліктілік сипаттамаларына, МДҰ жарғысына, ППСҚ туралы ережеге, ата-аналармен (заңды өкілдермен) жасалған шартқа сәйкес балаларды тиісті кәсіби деңгейде тәрбиелеу мен оқытуды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асыруға міндетті.

6.4. ППСҚ әкімшілігі мен психологиялық-педагогикалық кадрлар құқылы:

1) тәрбие-білім беру процесіне қатысушылардың сұраныстарын және мектепке дейінгі ұйымның мүмкіндіктерін ескере отырып, жұмыстың басым бағыттарын тәуелсіз түрде айқындауға;

2) білім беру процесінің субъектілерімен жұмыстың нақты міндеттерін дербес түрде тұжырымдауға, осы жұмыстың нысандары мен әдістерін таңдауға, әртүрлі жұмыс түрлерін жүргізудің кезектілігі туралы мәселені шешуге;

3) тәрбиеленушілердің ерекше білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыру тәсілдері мен нысандарын еркін таңдауға;

3) білім берудің алқалы органдарының жұмысына қатысу;

4) психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу мәселелері бойынша біліктілікті арттыруға;

5) санатты көтеру мақсатында мерзімінен бұрын аттестаттаудан өтуге;

6) тәрбиеленушілер мен олардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері тарапынан ар-намыс пен қадір-қасиетін құрметтеуіне.

6.5. ППСҚ мамандары тексеру хаттамаларының сақталуына, психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің құжаттамасын белгіленген үлгідегі нысандарға сәйкес жүргізуге жауапты болады.

6.6. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар тәрбиеленушілердің ата-аналары (заңды өкілдері) құқылы:

1) психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің жеке бағдарламаларын, оның ішінде бейімделген, жеке оқу бағдарламаларын, жеке-дамытушылық бағдарламаларды әзірлеуге қатысуға, мамандардың оқу және дамытушылық ҰІӘ қатысуға;

2) балаларды отбасында дамыту, оқыту, тәрбиелеу бойынша консультациялық көмек алуға;

3) баланы оқыту, тәрбиелеу және психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу мәселелері бойынша толық және шынайы ақпарат алуға.

6.7. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар тәрбиеленушінің ата-аналары (заңды өкілдері) міндетті:

1) арнайы оқу жағдайларын жасау мақсатында білім беру ұйымдарын психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің ұсынымы бойынша баланың ПМПК-да қажеттіліктерін уақтылы бағалауды қамтамасыз етуге;

2) баланың жеке кестеге сәйкес психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу мамандарымен өтетін оқу және дамыту ҰІӘ қатысуын қамтамасыз етуге;

3) баланы тәрбиелеу және оқыту бойынша психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметі мамандарының ұсынымдарын орындауға.

 

                                                                                         

    

 

 

 

 

 

 

 

 

 1-қосымша

 

 

ППСҚ келетін балаларды есепке алу журналы

 

№

Т.А.Ә.

Туған күні

МДҰ келген күні

Топ: жалпы/ арнайы/

психологиялық- педагогикалық қолдау кабинеті

ПМПК ұсынымдары

(бар болса)

Тәрбиеленуші туралы ақпарат: қиындықтардың сипаттамалары мен ұсыныстар туралы ППСҚ қорытындысы.

Оқыту бағдарламалары (үлгілік, бейімделген, жеке)

Ескерту

 

 

                                                                                           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                                        

 

 

2-қосымша

 

МДҰ тәрбиеленушісін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің жеке бағдарламасы

______________________________

 

 

«№ _____ бөбекжай» МКҚК                                     «Бекітемін ____ _____» 

ППСҚ шешімімен қабылданды                                               Меңгеруші  __________

20 ____ж. « _____»______

 

 

1.Бала туралы жалпы мәліметтер:

Баланың Т.А.Ә.:

 

Туған күні:

 

Топ:

 

Тәрбиешінің Т.А.Ә.:

 

Ата-анасының Т.А.Ә. (заңды өкілдерінің):

Анасы:

Әкесі:

 

Мекенжай:

Телефон/ электрондық пошта:

 

Жүгінудің себебі:

 

Өзекті мәселелер:

 

ПМПК ұсынымдары (бар болса):

 

Құжаттың құрастырылған күні:

 

Қолдау мамандарының Т.А.Ә.:

 

Психолог:

 

Логопед:

 

Арнаулы педагог:

 

Әлеуметтік педагог:

 

Педагог-ассистент:

 

Дене шынықтыру жөнінде нұсқаушы:

 

Музыкалық жетекші:

 

Оқыту түрі: қалыпты топ, арнаулы топ, психологиялық-педагогикалық қолдаудың арнаулы кабинеті (керектісінің астын сызу).

 

Бағдарламаның мазмұны

Аптасына сабақ саны

Маманның Т.А.Ә.

Жұмыс бағыты

Жұмыс түрі

 

 

 

Педагог-психолог

 

 

 

Мұғалім-логопед

 

 

 

Педагог-ассистент

 

Тәрбиеленушінің дамуын бақылаудың динамикалық парағы

Құзыреттерді дамыту

Диагностика нәтижелері

Бастапқы кезең

Аралық/ Қорытындылаушы кезең

 Дене дамуы

 

 

Коммуникативтік дағдыларын дамыту

 

 

Танымдық және зияткерлік дағдыларын дамыту

 

 

 Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеушілік қызметін дамыту

 

 

Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру

 

 

Келесі уақыт кезеңіндегі жұмысқа ұсынымдар

Мамандар

Жұмыс бағыты

Тәрбиешілерге арналған ұсынымдар

Ата-аналарға арналған ұсынымдар (заңды өкілдеріне)

Топтың тәрбиешілері

 

 

 

Педагог-психолог

 

 

 

Мұғалім-логопед

 

 

 

Педагог-ассистент

 

 

 

 

Ұсынымдармен таныстым: ___________________ /_________________ (қолы)(қолдың толық жазылуы)

                  

          

 

                

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                                              3-қосымша

 

Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметі
отырыстарының кестесі

 

№

р/р

Тақырыптар

Өткізу мерзімдері

Жауаптылар

1

Ұйымдастыру отырысы

«ППСҚ _________ оқу жылына арналған жұмысын жоспарлау»

20_ ж. қазан

ППСҚ мамандары

2

Талдамалық отырыс

«________ оқу жылының І жартыжылдығындағы түзету жұмысының қорытындылары»

20_ ж. қаңтар

ППСҚ мамандары

3

Қорытынды отырыс

«20__-20__  оқу жылындағы түзету жұмысының қорытындылары»

 

20_ ж. мамыр

ППСҚ мамандары