Жаңалықтар
-
06.10.2022
Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Экология министрлігі проблемаларды шешудің нақты жолдарын қарастырды Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі алқасының кеңейтілген отырысында 8 айдағы іс-шаралардың қорытындылары мен ағымдағы жылдың 2-ші жартыжылдығына арналған міндеттері қаралды, сондай-ақ, Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауын іске асыру мәселелері талқыланды. Іс-шараға сондай-ақ Парламент Мәжілісінің Экология және табиғатты пайдалану комитетінің төрағасы Милютин А.А., Парламент Мәжілісі мен Сенатының депутаттары, Президент Әкімшілігінің, Премьер-Министр Кеңсесінің жауапты қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, министрліктің Қоғамдық кеңесінің мүшелері. Министр Серікқали Брекешев өз сөзінде қоғамның одан әрі тұрақты дамуы, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің өсуі мен қазақстандықтардың өмір сүру сапасының орындалуына тікелей әсер ететін Жолдаудың негізгі тұстарына тоқталды. Атап айтқанда, Серікқали Аманғалиұлы су саласын дамытудың маңыздылығын атап өтті, өйткені жыл сайын халықтың суға деген қажеттілігін қамтамасыз ету және экономика салаларының қажеттіліктерін қанағаттандыру су тапшылығының өсуіне байланысты күрделі міндетке айналуда. Бұдан әрі Министр есепті кезеңдегі ақпаратты және орта мерзімді перспективадағы міндеттерді тыңдау үшін су саласын дамыту мәселелеріне жетекшілік ететін вице-министр С.М. Мұқатаевқа сөз берді. Сондай-ақ, күн тәртібіне сәйкес экология және климаттық саясатты жақсарту, геологиялық саланы дамыту және биологиялық әртүрлілікті сақтау, орман шаруашылығы мен жануарлар дүниесін дамыту мәселелері бойынша вице-министрлердің баяндамалары тыңдалды. Алқа отырысының соңында, министрліктің қызметіне жетекшілік ететін вице-министрлердің баяндамаларының қорытындысы бойынша ведомство басшысы Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында алға қойылған міндеттерді шешу бойынша нақты тапсырмалар берді.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1664941703
-
06.10.2022
Астанада білім саласындағы ынтымақтастық мәселелерін ТМД-ға мүше елдер өкілдері талқылады. ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовтің төрағалығымен Білім беру саласындағы кеңес отырысы өтті. Оған Беларусь, Тәжікстан, Ресей Федерациясы, Қырғызстан, Армения елдерінің өкілдері қатысты. Күн тәртібінде отырысқа қатысушылар ТМД-ға мүше мемлекеттердің базалық ұйымдары қызметін дамыту, білім сапасын қамтамасыз ету, білікті мамандарды даярлау, ұлттық аттестация жүйелерін дамыту мәселелерін қарады. Сондай-ақ Кеңес мүшелері білім саласы қызметкерлерін «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының білім беру ісінің үздігі» төсбелгісімен марапаттау туралы шешім қабылдады. «Ертең ТМД-ға мүше мемлекеттер мұғалімдері мен білім беру саласы қызметкерлерінің VII съезі өтеді. ТМД елдерінің үздік педагогтерінің шеберлік сабақтары өтеді. Сондай-ақ тәжірибе алмасу алаңдары ұйымдастырылады. Съезде ТМД елдеріндегі білім саласының даму болашағын, қандай өзгерістер мен жаңалықтар енгізіліп жатқанын талқылап, қарар қабылдаймыз. Съезді тәжірибе алмасу алаңы ретінде қарастыру керек. Әріптестерімізбен білім саласындағы ынтымақтастықты одан әрі қалай дамытатынымызды талқылаймыз», - деді Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов. Педагогтер съезі ТМД елдері білім министрлері конференциясының шешімімен екі жылда бір рет өткізіледі. Съезд аясында ІІ Педагогикалық шеберлік фестивалінің қорытынды кезеңі өтіп, байқаудың финалистері, яғни ТМД елдерінің мұғалімдері елімізге келеді. Олар сайыс сабақтарын көрсетеді. Мұғалімдерге арналған шеберлік сабақтары үш номинация бойынша өтеді: мұғалім, тәрбиеші және психолог/әлеуметтік педагог.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1664941406
-
-
-
-
-
06.10.2022
Заңмен реттелген. Жеке кәсіпкерлер фильм түсіруге қатыса алады «Мәдениет туралы» Заңға мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасында және шетелде мәдениет және мәдени іс-шаралар саласындағы әлеуметтік маңызы бар іс-шараларды қаржыландырудың тақырыптық бағыттары мен нормативтерін айқындау тәртібін бекіту жөніндегі уәкілетті органның құзыретін кеңейту жөнінде түзетулер енгізілді. Жаңашылдықтар туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ҚР МСМ Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары Күміс Сеитова баяндады. Оның айтуынша, реттеуші құжаттардың болмауына байланысты Мәдениет және мәдени іс-шаралар саласындағы әлеуметтік маңызды іс-шараларды өткізу процесінде туындайтын бірқатар проблемалар бар. «Көптеген өңірлерде осындай іс-шараларды өткізу кезінде проблемалар туындады, бірыңғай жүйелі тәсіл болған жоқ. Осыған байланысты министрлік осындай ережелерді әзірлеу бойынша құзырет берді. Мысалы, кинематография саласы туралы айтатын болсақ, Заңмен мемлекеттік қаржылық қолдау алу үшін кинематографиялық қызмет субъектілерінің ауқымы кеңейтілді. Егер бұрын тек кинематографиялық ұйымдар ғана болса, бүгінде бұл топ жеке кәсіпкерлермен кеңейді. Іс жүзінде бұл қазірдің өзінде жұмыс істеп тұр: жеке кәсіпкерлер фильм түсіруге де қатысады. Олардың қызметін заңнамалық тұрғыдан реттеу үшін осындай нормалар қабылданды. Мемлекеттік Фильмдер қорын анықтау және оны сақтау тәсілдері түбегейлі өзгертілді. Бұған дейін қолданыстағы заңда мемлекеттік Фильмдер қоры заңды тұлға болған, қазір мемлекеттік Фильмдер қоры белгілі бір заңды тұлғада сақталуы тиіс және заңда талаптар көзделген киноколлекция ретінде айқындалды. Бұдан әрі заң шеңберінде Ұлттық фильмдерді түсіру және шығару кезінде сатып алынған сахналық-қойылымдық құралдарды сақтау және пайдалану заңдары регламенттелді. Яғни, олар міндетті түрде «Қазақфильмде» сақталуы тиіс, өйткені мұндай фильмдерді түсіру кезінде қаражатты сақтау және одан әрі пайдалану мүмкіндігі бар», - деп атап өтті спикер. Бұл шара мемлекеттік қаржыландыруды оңтайландыруға бағытталған. Сондай-ақ елді Халықаралық кино түсіру үшін түсірілім алаңы ретінде ілгерілету мақсатында Ұлттық кинокомиссия құру Заңның жаңашылдығы болып табылады, Қазақстан Республикасының аумағын фильмдердің түсірілім алаңы ретінде пайдалану кезінде кинематография саласында субсидиялар алуға үміткер халықаралық кинематографиялық ұйымдар үшін талаптар жеңілдетілді, ұлттық фильмдер шығаруға бөлінетін қаражатты бөлуге жаңа тәсілдер белгіленді. Заңды іске асыру үшін жыл соңына дейін 14 заңға тәуелді акт әзірленетін болады.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1664867027
-
06.10.2022
Автомектепте оқымай, көлік айдауды «өз бетінше үйренгендер» адам өліміне алып келетін ЖКО-ның 50%-на жауапты - ҚР ІІМ ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Үкімет отырысында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды күшейтуді тапсырды. Ішкі істер министрі Марат Ахметханов жыл басынан бері елімізде апаттар бойынша барлық көрсеткіштердің өскенін айтты: ЖКО (9 429), қаза тапқандар (1 478) және жараланғандар (12 394) саны артты. Бұл орайда талдау автомектепте оқымай, көлік айдауды «өз бетінше үйренгендер» адам өліміне алып келетін ЖКО-ның 50%-на жауапты екенін көрсетіп отыр. Алматы қаласында, Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарында жолдар аса қауіпті. Аталған өңірлерге Қазақстан бойынша барлық ЖКО-ның 56%-ы, жарақат алғандардың 55%-ы және қаза тапқандардың 41%-ы тиесілі. Жалпы есепті кезеңде полиция 4,5 млн-ға жуық жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісінің жолын кесті, 17,5 мыңнан астам мас жүргізуші ұсталды, 20 мың жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылды. Министр техникалық тексеру орталықтарын ашуға қойылатын талаптар төмендегеннен кейін тексеруден өту туралы жалған талондар беріле бастағанын атап өтті. Мәселен, 106 мың жүргізуші техникалық регламенттердің талаптарына сай келмейтін көлікті басқарғаны үшін жауапқа тартылды, тағы 80 мың жүргізушіге жалпы техникалық тексеруден өтпегені үшін айыппұл салынды. https://ortcom.kz/kk/novosti/1664864747
-
06.10.2022
Қазақстанда 8 айда экологиялық заңнаманы 1787 бұзушылық анықталып, 885 нұсқама берілді Экологиялық жағдайды жақсарту және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шаралар туралы Экология вице-министрі Зульфия Сүлейменова министрліктің алқа отырысында баяндады. «Экожүйені жақсарту бойынша жұмыстар қабылданған Экологиялық кодекс және бекітілген «Жасыл Қазақстан» Ұлттық жоба шеңберінде жүргізілуде»,- деп вице-министр хабарлады. Осы Ұлттық жоба шеңберінде ең ластанған 10 қала және Министрліктің ластаушы заттар шығарындыларын азайту бойынша қабылдаған шаралары туралы ақпарат айтылды. Мәселен, бірінші жартыжылдықта «АМӨЗ» ЖШС ,«АЛЭС» АҚ, «Казцинк» ЖШС БКМК және «АХҚЗ» АҚ ірі кәсіпорындарында профилактикалық бақылау жүргізілді. Екінші жартыжылдықта тексерулер басқа кәсіпорындарда жалғасатын болады. «2022 жылдың алғашқы 8 айында шаруашылық жүргізуші субъектілерге экологиялық заңнаманы сақтау бойынша 969 тексеру жүргізілді. Оның ішінде: 189 профилактикалық бақылау, 494 жоспардан тыс тексеру, 286 өзге нысанды тексерулер жүргізілді. Тексеру нәтижелері бойынша экологиялық заңнаманы 1787 бұзушылық анықталып, 885 нұсқама берілді. Жалпы сомасы 4 334,9 млн. теңгеге 1563 әкімшілік айыппұл салынды, оның ішінде жалпы сомасы 1574,2 млн.теңгеге 1409 әкімшілік айыппұл төленді», - деп баяндады 3. Сүлейменова. Әкімдіктердің ақпараты бойынша 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында шамамен 2 млн тонна ҚТҚ құрылды, оның 23% - ы қайта өңделді. Республика бойынша әр түрлі кезеңдерде бөлек жинау 204 қала мен ауданның 134-інде енгізілді, ал 96 елді мекенде сұрыптау енгізілді.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1664861571
-