Жаңалықтар
-
-
-
08.10.2022
Жамбыл облысында қант қызылшасының егіс алқаптары екі есеге ұлғаяды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Қант саласын дамытудың 2026 жылға дейінгі кешенді жоспары әзірленген болатын. Кешенді жоспар қант қызылшасының егіс алаңдарын кеңейту арқылы шикізат базасын ұлғайту, жаңа суармалы жерлерді іске қосу, суарудың су үнемдеу технологияларын енгізу, тұқым шаруашылығын дамыту, қант қызылшасын қайта өңдеу бойынша зауыттардың қуаттылығын арттыру міндеттерін көздейді. Бүгінде осы бағыттар бойынша Жамбыл облысында ауқымды жұмыстар қолға алынып, жоспарлы межелер белгіленуде. Аймақта тәтті түбір алқабы жыл сайын ұлғая түсіп, өнімділігі арту үстінде. Ағымдағы жылы қант қызылшасы 5,5 мың гектарға егілсе, 2023 жылы бұл көрсеткіш екі есе артады деп күтілуде. Оған мемлекет тарапынан қолдау ретінде төленетін субсидия көлемінің 15 теңгеден 25 теңгеге (1 келісіне) өсуі айрықша серпін беріп отыр. Бұл туралы облыс әкімдігінің ауыл шаруашылық басқармасының басшысы Ербол Жиенқұлов атап өтті. - Биыл жалпы 5,5 мың гектар тәтті түбір алқабынан 214,4 мың тонна өнім жиналады деп жоспарлануда. Қазіргі уақытқа дейін 160 гектар алқаптан 12 946 мың тонна өнім жиналса, оның 11 076 тоннасы қант зауыттарына өткізілді. Облыс бойынша әр гектардан алынған орташа өнім 630 центерді құрауда. Жинау жұмыстарына 30-дан аса техника жұмылдырылған. Жалпы 2022 жылы қант қызылшасы өнімінің сатып алу бағасы тоннасына 30,0 мың теңгені құрайды. Яғни, қант зауыты өткізілген өнімнің тоннасына - 15,0 мың теңге төлесе, мемлекет тарапынан - 15,0 мың теңге субсидия төленеді. Ал, 2023 жылы баға 40,0 мың теңгеге көтеріледі. Атап айтқанда, қант зауыты қызылшаның әр тоннасына 15,0 мың теңге төлесе, мемлекеттік қолдау 25 мың теңгеге жетеді. Нәтижесінде тәтті түбір алқабы келесі жылы 10,0 мың гектарға жеткізіледі,-дейді Е. Жиенқұлов.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1665116245
-
-
-
08.10.2022
2022 жылы Қызылорда облысында 359 шақырым жолды жөндеуге 18,6 млрд теңге бөлінді Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес бүгін облыс әкімінің орынбасары Мархабат Жайымбетовтың төрағалығымен биылғы жылдың 9 айдың қорытындысы бойынша жол инфрақұрылымын дамыту саласындағы атқарылған жұмыстар барысы қаралды. Жиында жол саласына жауапты жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары, аудан және Қызылорда қаласы әкімдерінің салаға жауапты орынбасарлары қатысты. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы П.Шамұратов баяндама жасап, саладағы өзекті мәселелерге тоқталды. 2022 жылы жергілікті жол желісін дамытуға 18,6 млрд теңге бөлініп, ұзындығы 359 шақырымды құрайтын жолдар мен көшелер және көпір өткелдері жөндеуден өткізу жоспарланған. Есепті кезеңде бөлінген қаржының 82% игеріліп, ұзындығы 275 шақырымды құрайтын көшелер мен жол желілері жөндеуден өтті. Облыс әкімінің орынбасары М.Жайымбетов аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдерінің салаға жетекшілік ететін орынбасарларына, жауапты мемлекеттік орган басшыларына автомобиль жолдары мен көшелердің салу, жөндеу және күтіп-ұстау жұмыстарының сапасын қамтамасыз ету, құрылысы жүргізіліп жатқан объектілердің бекітілген жоспарға сәйкес жүргізу және мерзімінде аяқтау, жол белгілерін жаңарту, күтіп ұстау жұмыстарын қатаң бақылауға алу жөнінде тапсырмалар берді.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1665118042
-
-
07.10.2022
Темірді тікелей қалпына келтіретін Қазақстанда теңдесі жоқ зауыт Текеліде іске қосылды Тікелей қалпына келтіретін зауыт іске қосылды. Мұнда қолданылатын өндірістік технологияның әзірге Қазақстанда теңдесі жоқ, экологиялық жағынан деңгейі жоғарылығымен ерекшеленеді. Мұны отандық қара металлургия саласын дамытудың маңызды қадамы деуге болады. Бірінші кезеңде 100 жаңа жұмыс орны ашылды, алдағы уақытта жұмысшылар санын 500-ге дейін ұлғайту көзделген, тартылған инвестиция көлемі 4 млрд. теңгеден асады. Экспортқа бағытталған осы кәсіпорынның салтанатты ашылуына Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев, «Горное бюро» ЖШС компаниялар тобының директоры Абдраман Еділбаев, зауыт жұмысшылары мен текелелік тұрғындар қатысты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Текеліліктер мен зауыт ұжымын кәсіпорынның ресми ашылуымен құттықтаған Бейбіт Исабаев жыл басынан бері облыс экономикасына 129 млрд. теңге инвестиция тартылып, 15 инвестициялық жоба іске асырылғанын атап өтті. Солардың бірі – Текеліде ашылып отырған «Электромарганец» ЖШС. Бұл кәсіпорын металлургия саласындағы ғылыми жетістіктерді өндіріске енгізіп отырған айтулы нысан. Бүгін ашылып отырған «Электромарганец» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің темірді тікелей қайта қалпына келтіретін зауыты Текелі қаласының ғана емес, тұтас облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына жаңа серпін береді деп ойлаймын. Өндірістің экологиялық жетістігі - ғылыми ізденістер мен заманауи технологияны қабыстырудың қандай табысқа жеткізетінінің айқын айғағы. Ел Президентінің алдымызға қойған басты міндеттерінің бірі де осы. Бұл алғашқы қарлығашы десек те болады. Кәсіпорынның болашағы зор, алдағы жоспары ауқымды. Мұнда бірінші кезеңінде 100 жаңа жұмыс орны ашылды, алда жұмыс орнын бұдан әрі көбейтіп, кәсіпорынның қуатын арттыра түсу межеленіп отыр. Осыған орай жергілікті оқу орындарына технологтар дайындау, өңірдегі колледждерде салаға қажетті жаңа мамандықтар ашу мәселесінің де өзекті екенін айту керек. Сондықтан біз жаңа кәсіпорындарды заманауи, жоғары технологиялы құрал-жабдықтармен жұмыс істей алатын, бәсекеге қабілетті мамандармен қамтамасыз етуіміз керек, - деді Б. Исабаев.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1665035904
-
07.10.2022
1 млн теңгеден және төсбелгілері: Астана мұғалімдерін мерекемен құттықтады Астанада мұғалімдер күніне және ТМД-ға мүше мемлекеттердің мұғалімдері мен білім беру қызметкерлерінің VII съезіне арналған "Ұлт шамшырағы-ұстаздар" атты мерекелік концерт өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. Астана қаласының білім басқармасы ұйымдастырған мерекелік концертке ҚР Білім министрі Асхат Аймағамбетов, қала әкімі Алтай Көлгінов, республиканың білім беру ұйымдарының қызметкерлері, елордалық педагогтар, ардагер-педагогтар, қоғам қайраткерлері және т. б. қатысты. Мерекелік іс-шара барысында №82 "Дарын" мамандандырылған лицейінің физика пәнінің мұғалімі Гүлшара Дүйсенова, № 26 мектеп-гимназиясы тарих пәнінің мұғалімі Лаура Шоразова, Ғафу Қайырбеков атындағы № 26 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Алма Нұркенова, қоғамдық тамақтану және сервис колледжінің өндірістік оқыту шебері Алла Король, № 2 "Батыр" балабақшасының тәрбиешісі Наима Жукенова, "Астана дарыны" дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының оқытушысы Корлыгаин Баяхметова, ардагер мұғалім Ботагөз Жүнісова "Еңбек ардагері", "Астана қаласының құрметті педагогы", "Білім беру ісінің құрметті қызметкері" және Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгілерімен марапатталды. Сондай-ақ мұғалімдерге 1 млн теңге сомасына алғыс хаттар мен сертификаттар табыс етілді. "Құрметті мұғалімдер, құрметті білім беру саласының ардагерлері. Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес біз жайлы мектептер – ірі габаритті мектептер салуға кірістік. Бұл жұмысты ҚР Білім министрлігімен бастадық. Қазір біз 80 мың оқушы орнына (2 ауысымда) 20 ірі мектеп жобалап жатырмыз. Мектеп салу үшін 70-тен астам учаске анықталды. Аталған жер учаскелерінің ауданы 240 мың оқушы орнына (2 ауысымда) оқу орындарын салуға мүмкіндік береді. https://ortcom.kz/kk/novosti/1665035701
-