Жаңалықтар
-
07.10.2022
3 жыл ішінде ТМККК мен МӘМС-ке бюджеті 3 жыл ішінде 1,6 есеге өсіп, 589 млрд теңгені құрады Стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсету көлеміне қажеттіліктің артуына байланысты медициналық ұйымдарды қосымша қаржыландыру қарастырылған. Айта кету керек, ТМККК мен МӘМС-те ауыл тұрғындарын қоса алғанда, стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсетуге көзделген жалпы бюджет 2019 жылдан бастап 1,6 еседен астам өсті: 361,7 млрд.теңгеден 589 млрд. теңгеге дейін артты. МӘМС пакетінде қаржыландыруға келетін болсақ, 1,9 есе: 227,9 млрд.теңгеден 431,3 млрд. теңгеге дейін өсім болды. Бұдан бөлек, 2019 жылдан бастап республика бойынша стационарлық және стационарды алмастыратын көмек қызметтерін ұсынатын медициналық мекемелер саны 17,6%-ға өсті. Жыл басынан бері медициналық қызмет көрсетушілер қызмет көлемін орындаудың жоғары қарқынына төтеп беріп келеді. 2022 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсететін медициналық ұйымдар ТМККК шеңберінде жылдық жоспарды тиісінше 62,3% - ға және 61,9%-ға, МӘМС шеңберінде 64,9%-ға және 61,3%-ға орындады.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1665033049
-
-
07.10.2022
Т. Дүйсенова Отбасының цифрлық картасының артықшылықтары туралы айтып берді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Ұлытау облысына жұмыс сапары барысында өңір активімен кездесу өткізді. Еңбекминінің басшысы Отбасының цифрлық картасын енгізудің оң әсері туралы айтып, азаматтарды жұмысқа орналастыру және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелерін талқылады. Іс-шараға өңір басшысы Берік Әбдіғалиұлы, облыстық мәслихат өкілдері, жергілікті атқарушы органдардың басшылары, облыс аудандарының әкімдері қатысты. Министр кездесуге қатысушыларды Отбасының цифрлық картасын (бұдан әрі – ОЦК) енгізу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті. «Бүгінде мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің деректері негізінде Цифрлық картада 6 млн отбасы және олардың 19 млн мүшесі туралы ақпарат жинақталған, ал Ұлытау облысы бойынша 74,2 мыңнан астам отбасы бар. Бұл ретте біз өздеріне тиісті көмек алмайтын отбасыларды анықтадық. Мұндай отбасылар 1 қыркүйектен бастап өздеріне тиісті мемлекеттік кепілдіктер көрсетілген SMS-хабарлама алады. Мемлекеттік қолдаудың тиісті шаралары оларға проактивті форматта тағайындалады», – деді Тамара Дүйсенова. Бұл ретте уақтылы көрсетілмеген мемлекеттік қызметтердің мысалы ретінде Министр Ұлытау облысында асыраушысынан айырылуына байланысты төлем тағайындауға жүгінбеген және тиісті мемлекеттік көмек алмаған отбасы туралы айтты. Өңір тұрғындарына 178 SMS-хабарлама жіберілді, оның ішінде 51 төлем тағайындалды, 117 SMS-хабарламаға жауап қайтарылмаған, 10-ы жұмыста.
https://ortcom.kz/ru/novosti/1665032033
-
07.10.2022
Т. Дүйсенова Отбасының цифрлық картасының артықшылықтары туралы айтып берді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Ұлытау облысына жұмыс сапары барысында өңір активімен кездесу өткізді. Еңбекминінің басшысы Отбасының цифрлық картасын енгізудің оң әсері туралы айтып, азаматтарды жұмысқа орналастыру және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелерін талқылады. Іс-шараға өңір басшысы Берік Әбдіғалиұлы, облыстық мәслихат өкілдері, жергілікті атқарушы органдардың басшылары, облыс аудандарының әкімдері қатысты. Министр кездесуге қатысушыларды Отбасының цифрлық картасын (бұдан әрі – ОЦК) енгізу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті. «Бүгінде мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің деректері негізінде Цифрлық картада 6 млн отбасы және олардың 19 млн мүшесі туралы ақпарат жинақталған, ал Ұлытау облысы бойынша 74,2 мыңнан астам отбасы бар. Бұл ретте біз өздеріне тиісті көмек алмайтын отбасыларды анықтадық. Мұндай отбасылар 1 қыркүйектен бастап өздеріне тиісті мемлекеттік кепілдіктер көрсетілген SMS-хабарлама алады. Мемлекеттік қолдаудың тиісті шаралары оларға проактивті форматта тағайындалады», – деді Тамара Дүйсенова. Бұл ретте уақтылы көрсетілмеген мемлекеттік қызметтердің мысалы ретінде Министр Ұлытау облысында асыраушысынан айырылуына байланысты төлем тағайындауға жүгінбеген және тиісті мемлекеттік көмек алмаған отбасы туралы айтты. Өңір тұрғындарына 178 SMS-хабарлама жіберілді, оның ішінде 51 төлем тағайындалды, 117 SMS-хабарламаға жауап қайтарылмаған, 10-ы жұмыста.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1665032033
-
07.10.2022
Астанада ТМД елдері мұғалімдері мен білім беру қызметкерлерінің VII съезі өтті Астанада ТМД елдері мұғалімдері мен білім беру қызметкерлерінің VII съезі өтті. Беларусь, Тәжікстан, Ресей Федерациясы, Қырғызстан және Армения өкілдері съезд қорытындысына оң баға берді. Күн тәртібінде елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайту, бірлескен ғылыми, IT-жобаларды құру, педагогтер арасында да, ТМД-дағы білім беру ведомстволары арасында да тәжірибе алмасу мәселелері қаралды. Сондай-ақ үздік ұстаздар «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының білім беру ісінің үздігі» төсбелгілерімен марапатталды. Съезге қатысушылар білім беру саласына, әсіресе, пандемиядан кейінгі кезеңде цифрландыруды енгізу мәселесін талқылады. Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов пандемиядан кейінгі кезеңде білім беру саласында цифрландыру жүйесі күшейгенін айтып, енді технология мен әлемге дәстүрлі көзқараспен қарайтын мұғалім арасындағы теңгерімді табу маңызды екенін атап өтті. «Соңғы жылдары білім беру саласы айтарлықтай өзгеріске ұшырап, күтпеген жағдайға тап болды: пандемия және технологияның жылдам дамуы. Бұл біздің елімізде де, бүкіл әлемде де білім беруді дамытудың жаңа бағытын белгіледі. Мұғалімдерге цифрлық білім беру технологиялары енді олардың бәсекелестері емес, одақтастары екенін түсіну маңызды. Білім саласын цифрландыруға үлкен көңіл бөліп жатырмыз және бізде ҰБДҚ жүйесі бар, оны реформалаймыз. Цифрлық із қалдыру өте маңызды, талдау қажет және ол әрбір мұғалім мен ата-анаға, оқушыға қолжетімді болуы үшін қажет. Білім беру платформалары, онлайн сабақтар көптеген мұғалімнің тәжірибесіне енді», – деп айтты министр Асхат Аймағамбетов.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1665031734
-
07.10.2022
Тауарларды таңбалауды енгізу мәселесін отандық тауар өндірушілер мен кәсіпкерлер талқылады ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен жұмыс кездесуінде тауарларды таңбалаудың пилоттық жобаларын енгізу процесінде туындайтын негізгі мәселелер талқыланды. Бизнес өкілдерінен «Атамекен» ҰКП, аяқ киімнің бөлшек және көтерме сауда импорттаушылар қауымдастығының, алкогольсіз сусындар мен шырын өндірушілерінің, «ФармМедИндустрия Қазақстан» фармацевтикалық және медициналық өнімдерін өндірушілердің, жеңіл өнеркәсіп өндірушілерінің өкілдері сөз сөйледі. Сондай-ақ кеңеске мүдделі мемлекеттік органдардың, «Қазақтелеком» АҚ Тауарларды таңбалау мен қадағалаудың бірыңғай операторының басшылары қатысты. Бірыңғай оператордың мәліметінше, Қазақстанда міндетті таңбалау енгізілген сәттен бастап бүгінгі күнге дейін 69,1 мың табиғи жүннен жасалған бұйым, 3,3 млрд темекі өнімі, 102,4 млн аяқ киім тауары таңбаланған. Жобаны іске асыру процесін тежейтін бірқатар маңызды тұстар да бар. Бизнестің мәліметі бойынша, бұл негізінен ақпараттық таңбалау жүйесінің техникалық проблемалары мен кемшіліктері. Бұған қарамастан, отандық аяқ киім өндірушілерінің өкілдері тауарларды міндетті түрде таңбалауды бизнестің мүдделеріне сай деп санайды. «Отандық бизнес өкілдері ретінде біз тауарларды міндетті түрде таңбалауды қолдаймыз, өйткені бұл отандық өндірушінің мүдделерін қолдайды, бәсекелестік үшін тең жағдай жасайды. Егер техникалық проблемалар болса, оларды шешу керек. Біз таңбалау жүйесін енгізу процесіне қатысуға дайынбыз», — деді «Qaz Textile Industry» жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының ұлттық бірлестігінің өкілі Анар Қайыржанова.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1665029067
-
07.10.2022
UMAI Ұлттық сыйлығы 4 номинация бойынша өтеді – Н. Дәуешев Қазақстанда отандық мәдениет пен өнер қайраткерлерінің шығармашылық жетістіктерін таныту, дамыту және насихаттау мақсатында тұңғыш рет ҚР өнер саласындағы UMAI Ұлттық сыйлығы ұйымдастырылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов мәлімдеді. Оның айтуынша, еліміздің шығармашылық ұжымдары мен жекелеген өнер қайраткерлерінің еңбектеріне, шығармашылығына арналған бұл сыйлық 4 номинация бойынша өтеді: театр өнері, музыкалық орындаушылық өнер, хореографиялық өнер және театрдағы бейнелеу өнері. «Жалпы жүлде қоры 54 млн теңге. Әр номинация бойынша 2 млн-нан 6 млн-ға дейін. Оның ішінде биыл «Балалар жылы» болғандықтан, сыйлық аясында «Үздік балалар спектаклі» арнайы жүлдесі тағайындалды. Сыйлық 2022 жылы Қазақстанның шығармашылық ұжымдарына және жекелеген өнер қайраткерлеріне екі театрлық, концерттік, шығармашылық маусымдарда 2020 жылдан бастап 2022 жылғы шілде аралығында қойылған жаңа туындылар мен спектакльдерге беріледі. Негізгі мақсат – өнер саласындағы өнерпаздарды қолдау. UMAI Ұлттық сыйлығы болашақта өнер адамдарына үлкен шығармашылық серпіліс береді деп сенеміз», - деді Н. Дәуешев. Бұдан бөлек, МСМ әр сала бойынша осындай сыйлықтарды қолға алды. Мысалы, «Айбоз» сыйлығы – жазушыларға, драматургтерге беріледі. Сондай-ақ композиторларды қолдау мақсатында «Дала дауысы» жобасы бекітілді. Келесі жылы Мемлекет басшысының тапсырмасымен жастардың мемлекеттік сыйлығы тағайындалады.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1664953840
-
07.10.2022
Өнер саласындағы сыйлыққа өтінімдер желтоқсан айына дейін қабылданады UMAI Ұлттық сыйлығын табыстау салтанаты 23 желтоқсанда «Астана Опера» театры алаңында өткізіледі. Бүгінгі таңда шығармашылық ұжымдар зор белсенділік танытуда. Ондаған өтінім келіп түсті. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры директорының орынбасары Төлеубек Әлпиев мәлімдеді. Оның айтуынша, өтінімдер желтоқсан айына дейін қабылданады, бірақ ол құжаттарды, видеоларды қазірден бастап дайындауға кеңес берді. «Астана Опера театрының үлкен залында өтетін UMAI Ұлттық сыйлығын табыстау тек қатысушылар үшін ғана емес, барша Қазақстанның мәдениет өкілдері үшін айтулы күн болмақ. Әр номинацияға енген кез келген спектакль ұлттық болсын, классикалық немесе заманауи спектакль болсын, оның креативті шешімі болуы тиіс, әрі ол инновациялық элементтерді қамтуы керек. Қойылымдық топтық спектакльдің музыкалық бөлігін ауыстыра алмайтыны түсінікті. Бірақ визуалды бөлігі спектакльдің стенографиясында көркемдік идеясында, артистік шеберлігінде және көзқарас болуы керек», - деді спикер.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1664954060
-
07.10.2022
UMAI Ұлттық сыйлығының ерекшелігі - қатысушыларға еркін тақырыптың берілуі UMAI Ұлттық сыйлығы - өте ауқымды жоба. Оның ерекшелігі - орындаушыларға, қатысушыларға еркін тақырыптың берілуі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының солисті Ардақ Балажанова мәлім етті. «UMAI Ұлттық сыйлығына қатысушылар, орындаушылар өзінің бойынан шыққан өнерді, аймақтық ерекшелікті, дәстүрлі мектептерді көрсете алады. Алатаудан, Алтайдан, Жетісудан, Батыстан шыққан әншілік-жыршылық мектептердің керемет орындаушыларды көреміз деп үміттенеміз. Ел арасында танылмай жүрген жастар да көп. Бұл байқаудың негізінде алтын дауысты, күміс көмей әншілеріміз кәсіби сахнаға, кәсіби өнерге жол тартады», - деді өнер иесі. https://ortcom.kz/kk/novosti/1664954338
-
07.10.2022
ҚР Президентінің Іс Басқармасы МО ауруханасы заманауи медициналық құрал-жабдықтармен толығып, қызмет көрсету аясын кеңейтті ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасы бірнеше қосымша медициналық қызметпен толықты. Рентгендік диагностика, аллергология және стоматология бойынша көрсетілетін жаңа қызметтер туралы ақпарат Медициналық орталығы ауруханасы ресми сайтының «Қызметтер» бөлімінде орналасқан. Айталық, рентгендік диагностика бойынша мынадай қызметтер қосылды: «Бір сүтбездің томосинтезі», «Екі сүтбездің томосинтезі», «2D тік проекциядағы екі сүтбездің маммографиясы + қиғаш проекциядағы екі сүтбездің томосинтезі», 2D тік проекциядағы бір сүтбездің маммографиясы + қиғаш проекциядағы екі сүтбездің томосинтезі». Бұл қызметтер Томосинтез (3Д маммография) сараптамалық классты жаңа жабдықты орнатқаннан кейін пайда болды дейді дәрігерлер. Жабдық жақын арада пайдалануға берілетін жаңа емдеу-диагностикалық корпусында орнатылған. Дәрігерлердің айтуынша, 3D маммография сүт безі ауруларын диагностикалаудың заманауи жоғары технологиялық әдісі болып табылады. Құрылғының артықшылығы – ол онкопатологияны ерте кезеңде жоғары дәлдекпен диагностикалап, ұсақ кальцинациялардың сапалы бейнесін дәл бере алады, сондай-ақ сәулелік жүктеме дозасын арттырмайды. Сонымен қатар, бұл қондырғыда онкологиялық процестің дамуының алғашқы белгілерін анықтау үшін сүт безі қатерлі ісігі бойынша хирургиялық ем алған әйелдерді зерттеуге болады. Медициналық орталығы ауруханасындағы жаңа қызметтер қатарында аллергология бойынша «Портативті спирометрде сыртқы тыныс алу функциясын өлшеу» және стоматология-имплантология бойынша «Кореялық қызыл иекті қалыптастырғышты орнату» қызметтері де енгізілген.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1664950796