Жаңалықтар
-
-
-
-
-
21.09.2022
Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йоркке жұмыс сапарымен келді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-сессиясына қатысу үшін Нью-Йоркке жұмыс сапарымен келді. ▪️ Мемлекет басшысы 19 қыркүйекте JPMorgan Chase & Co, Citi, Goldman Sachs, NASDAQ секілді жаһандық қаржы институттарының басшыларымен кездесу өткізеді. ▪️ Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Boeing, ExxonMobil, General Electrics, Wabtec, Microsoft сияқты трансұлттық компаниялардың жетекшілерімен, сондай-ақ сарапшылар тобының өкілдерімен кездеседі. ▪️ 20 қыркүйекте Президент БҰҰ Бас Ассамблеясының Жалпы дебатында сөз сөйлейді. ▪️ Бұдан бөлек, БҰҰ Бас хатшысымен, Еуропалық Одақ басшылығымен және бірқатар мемлекет басшыларымен олардың өтініші бойынша кездесулер өткізу жоспарланып отыр. ▪️ Қасым-Жомарт Тоқаев Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі жаһандық саммитке де қатысады.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1663556241
-
21.09.2022
Алматының он тұрғыны «Қаланың Құрметті азаматы» атағын алды Алматы тұрғындары дәстүр бойынша қыркүйектің үшінші жексенбісінде Қала күнін атап өтті. Қаланың әртүрлі бөліктерінде мерекелік іс-шаралар басталды-концерттер, көрмелер, қойылымдар және басқалар. «Сүйем сені, Алматы!» ретро-фестивалінің ашылу салтанатында қала әкімі Ерболат Досаев алматылықтарға құттықтау сөз сөйледі. «Сіздерді Қала күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл бәріміз үшін, әрбір алматылық үшін ерекше мереке! Мен осында туып өстім, менің ең жылы естеліктерім Алматымен байланысты. Мұнда мен отбасын құрдым, балаларым өсіп келеді. Бізде Алматыны дамыту бойынша үлкен мақсаттар мен міндеттер бар. Бәріміз бірге қаламызды одан одан да жақсырақ және әдемі етуіміз керек. Біздің негізгі мақсатымыз – жайлы қалалық орта құру және мегаполистің барлық аудандарында тұрғындардың табысын арттыру. Мен Алматының барлық тұрғындарына шын жүректен махаббат пен зор денсаулық тілеймін! Біздің Алматы өсіп, гүлдене берсін!», – деді Ерболат Досаев. Құттықтау сөзінен кейін мегаполис басшысы Алматының дамуы мен гүлденуіне елеулі үлес қосқан 10 тұрғынды «Алматы қаласының Құрметті азаматы» атағымен марапаттады. Олардың қатарына Ұлы Отан соғысының ардагері, тарих мұғалімі, қоғам қайраткерлері, әртістер және т.б. кірді. Құрметті атақтан басқа, марапатталғандар 1 млн теңгеге ақшалай сертификаттар алды.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1663559124
-
-
21.09.2022
Қарағанды облысында жиынтық қуаты 218,7 МВт 7 ЖЭК объектісі жұмыс істейді Қарағанды облысында алдағы жылыту маусымына дайындық штаттық режимде өтуде. Бүгінгі күні қажетті іс-шаралар 90% жоспар бойынша орташа есеппен 93,3%-ға орындалды. 2022 жылғы 17 қыркүйекте ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов Қарағанды облысының тұрғындарымен кездесуде сөйлеген сөзінде 2022 жылғы 8 айдың қорытындысы бойынша Қарағанды облысы бойынша 7,3 млрд кВтсағ электр энергиясы өндірілгенін және тұтынудың оң теңгерімі байқалғанын атап өтті. Облыстың электр станцияларының белгіленген электр қуаты – 2319 МВт, қолда бар электр қуаты – 1921 МВт. Өңірді негізгі жылумен жабдықтау көздері 2-ЖЭО, 3-ЖЭО және басқа жылумен жабдықтау объектілері болып табылады, олардың жиынтық белгіленген қуаты 2,4 мың Гкал/сағ, ал қолда бар қуаты 1,8 мың Гкал/сағ. ҚР Энергетика министрінің ақпараты бойынша, Қарағанды облысында алдағы жылыту маусымына дайындық штаттық режимде жүріп жатыр. Бүгінгі таңда жылыту маусымына дайындық бойынша іс-шаралардың орындалуы жоспарға сәйкес 90 % болған кезде, орташа есеппен 93,3 % орындалды. Сондай-ақ, өңірде жаңартылатын энергия көздері технологиясын қолдану арқылы энергияны өндіру белсенді дамып келеді. Бүгінгі таңда жиынтық қуаты 218,7 МВт 7 ЖЭК объектісі жұмыс істеп тұр, соның ішінде қуаты 216 МВт болатын 4 күн электр станциясы және қуаты 2 МВт болатын 2 биоэлектр станциясы, қуаты 0,6 МВт болатын 1 гидроэлектр станциясы бар, деп түйіндеді ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1663557927
-
21.09.2022
Павлодар облысында 2025 жылға дейін АӨК-те 187 млрд теңгенің 26 инвестжобасы іске қосылады Павлодар облысында АӨК-те 2025 жылға дейін құны 187,8 млрд теңге болатын 26 инвестициялық жоба іске қосылады. Бұл туралы өңірге жұмыс сапарымен барған ҚР Ауыл шаруашылығы министрі мәлімдеді. Сонымен бірге Ербол Қарашөкеев жаңа кәсіпорындар маусымаралық кезеңде ауыл шаруашылығы өнімдері тапшылығының орнын толтыруға және облыс пен астана базарларындағы бағаларды тұрақтандыруға, сондай-ақ 1000-нан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік беретінін айтты. Айта кетейік, министр жұмыс сапары аясында бірнеше шаруа қожалықтарында, соның ішінде мал және өсімдік шаруашылығы фермаларында, көкөніс қоймасында болып, 1000 басқа арналған жаңа сүт-тауар фермасының ашылуына қатысты. Ақтоғай ауданы Жоламан ауылында сүт-тауар фермасы ашылды. Жобаның құны 6 млрд теңге, оның ішінде "Аграрлық несие корпорациясы"АҚ-ның 5 млрд қарыз қаражаты есебінен ашылған. Ферма жыл сайын 8,9 миллион литрге дейін шикі сүт өндіре алады. Жалпы, Үкімет тарапынан көрсетіліп жатқан шаралардың арқасында Павлодар облысы АӨК-ті дамытудың оң нәтижелерін көрсетіп отыр. Өңірге инвестициялық субсидиялауға 9,3 млрд теңге, несиелер мен лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға 6,3 млрд теңге, мал шаруашылығын субсидиялауға 8 млрд теңге, өсімдік шаруашылығына шамамен 5,3 млрд теңге бөлінді. Осының барлығы түрлі дақылдардың егіс алқаптарын ұлғайтуға, жаңа сүт-тауар фермалары мен бордақылау алаңдарын ашуға мүмкіндік берді.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1663557509
-
21.09.2022
Өртті сөндіруге арналған тікұшақ паркі үш есе ұлғайтылады - Әлихан Смайылов Қостанай облысына жұмыс сапарымен барған ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов орталық мемлекеттік органдар мен әкімдік басшыларының қатысуымен өңірдің кешенді әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов, төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев, экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев, ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев, сондай-ақ ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков баяндама жасады. Баяндамашыларды тыңдаған Премьер-Министр жақында Қостанай облысында болған орман өрттері жергілікті тұрғындар мен инфрақұрылымға айтарлықтай зиян келтіргенін, адам өліміне әкелгенін атап өтті. Осыған байланысты Әлихан Смайылов орман шаруашылығы төңірегінде құтқару жұмыстарын жүргізу қажеттігін атап өтті. «Тікұшақ техникасының жақын жерден су алып, өртті сөндіруін жеңілдету мақсатында орман алқаптарының жанындағы су қоймаларының түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу қажет. Біз тікұшақтар паркін үш есе ұлғайту үшін қосымша суқашыртқы құрылғыларды сатып аламыз, оларды өрт сөндіру үшін пайдалануға болады. Бұл Қостанай облысын қоса алғанда, барлық өңірлерге қатысты», — деді Әлихан Смайылов.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1663393879