Жаңалықтар
-
18.09.2022
Биыл 7 айда ӘМСҚ шамамен 95 млн медициналық қызметті қаржыландырды Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Айдын Ашуев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте МӘМС жүйесін іске асырудың нәтижелеріне тоқталды. Оның айтуынша, МӘМС қаражаты есебінен адамдар бұрын тек ақылы түрде ғана қолжетімді болған медициналық қызметтерді де ала алады. 2022 жылдың 7 айында Қор тар шеңберлі мамандардың 95 млн консультациясын және диагностикалық зерттеулерді, оның ішінде қымбат тұратын КТ, МРТ, ПЭТ зерттеулерін қаржыландырды. 3 жыл бұрын мұндай қымбат диагностика азаматтардың жекелеген санаттарына ғана тегін қол жетімді болды және жеткізушілер аз болды. Жеке меншік клиникалар қазіргі заманғы жабдықтар мен сервистік бөлікке инвестициялар сала отырып, медициналық қызметтер тізбесін белсенді түрде кеңейтуде. «Биыл жоғары технологиялық көмек көлемі 1,5 есеге өсті. 7 ай ішінде 12 мыңнан астам қымбат операция жасалды. Өткен жылмен салыстырғанда өсім 34%-ды құрады. Оның ішінде, «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша 7 мың ЭКО процедурасын, 7 айда Қор 4 мыңға жуық репродуктивті қызметті қаржыландырды. Өсім 40% құрады. ЭКО-ның әрбір бағдарламасына денсаулығына және процедураның қымбаттығына байланысты ана мен әке атана алмай жүрген отбасылар қатысады. Осылайша, МӘМС жүйесі медициналық көмекті қаржыландыру үшін қолайлы жағдай жасайды, ал енді медициналық көмекті ұйымдастыру, клиникалардағы менеджмент деңгейі, пациенттерді дұрыс бағыттау бірінші орынға шығады», – деп атап өтті ӘМСҚ басшысы.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1663321973
-
-
-
-
18.09.2022
Қазақстан Президенті Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінің жабылу рәсіміне қатысты Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінің жабылу рәсімінің алдында Қорытынды декларация жарияланды. Қасым-Жомарт Тоқаев форумның екі күндік жұмысын қорытындылай келе, қазақ жері осы күндері түрлі мәдениеттердің сындарлы сұхбат орталығына айналғанын атап өтті. Дүниежүзінің беделді дінбасылары осы жерде бір шаңырақтың астына жиналды. – Шын мәнінде, бәріміздің мақсатымыз – бір. Бұл – өркениеттер үндестігін орнату және бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту. Съезде көптеген салмақты ой, салиқалы пікір айтылды. Оның бәрі біздің үйлесімді әлем құру жолындағы іс-әрекетімізге оң ықпалын тигізеді деп санаймын. Біздің бастамамызға қолдау көрсетіп, Съезге арнайы келген діни көшбасшыларға, саясаткерлер мен халықаралық ұйым өкілдеріне алғыс айтамын. Сондай-ақ форумды өткізуге белсене атсалысқан дипломаттарға, волонтерлерге, журналистер мен басқа да азаматтарға ризашылығымды білдіремін, – деді Мемлекет басшысы. Президент Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Рим Папасы Францискке елімізге тарихи сапар жасап, Съезд жұмысына қатысқаны үшін тағы да ризашылығын білдірді. – Сіздің әлемдік қоғамдастыққа үндеуіңіз бүкіл әлемдегі миллиондаған адамдарға үміт пен сенім сыйлады, – деді Мемлекет басшысы.
https://ortcom.kz/ru/novosti/1663242863
-
-
-
17.09.2022
Үкіметте «Цифрлық отбасы картасы» жүйесін және электрондық денсаулық сақтау электрондық денсаулық сақтау жүйесін дамыту мәселесі қаралды ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов ҚР Президенті жанындағы Цифрландыру мәселелері жөніндегі комиссияның отырысын өткізді. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Smart Data Ukimet мемлекеттік платформасын дамыту аясында әлеуметтік қолдау шараларын проактивті түрде тағайындау үшін «Отбасының цифрлық картасы» ақпарат жүйесі әзірленгенін айтты. Еліміздің барлық азаматтары жүйеде 5,9 млн отбасыға, экономикалық, әлеуметтік және тұрғын үй жағдайлары, денсаулық көрсеткіштері мен білімі бойынша 5 санатқа бөлінген. Осы мәліметтер негізінде қажетті қолдау шаралары анықталады, содан кейін азаматтарға оларды қабылдау туралы SMS-хабарлама жіберіледі. Осылайша, 2022 жылғы 1 қыркүйектен бастап пилоттық режимде 5 түрлі жәрдемақы: бала туу және оның күтімі, мүгедектігі бар баланың күтімі, жұмыссыздық және мүгедектік бойынша жәрдемақылар тағайындалады. Жыл соңына дейін тағы 5 қызметті қосу жоспарланып отыр: асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем, көп балалы аналарға жәрдемақы, АӘК, Күміс немесе Алтын алқамен марапатталғандарға жәрдемақы, сондай-ақ зейнетақы төлемдері. Премьер-Министр жүргізіліп жатқан жұмысты қолдап, мәліметтерді тиімді талдау және халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру үшін бірыңғай платформа базасында мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік компаниялардың ақпараттық жүйелерінің интеграциясын жандандыруды тапсырды.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1663233638
-
17.09.2022
«Самұрық-Қазына» қоры АЭС салу жобасын іске асыруға кірісті «Самұрық-Қазына» азаматтардың тіршілік ету сапасын жақсартатын 16 жаңа басым жоба туралы хабарлады. Оларды іске асыру мыңдаған жұмыс орнын ашып, азаматтардың табысын арттыруға мүмкіндік береді. Олардың ішінде - мұнай-газ химиясы жобалары, ұлттық электр желісін жаңғырту, базалық қуат көзін салу, жаңартылатын энергия көздерін дамыту жобалары, 5G интернет-желісін салу, жаңа теміржол салу және т.б. жобалар. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде сөйлеген сөзінде «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев толығырақ айтып берді. «Қысқа мерзімді кезеңде экономика мен коммуналдық-тұрмыстық сектордың электр энергиясына сұранысын жабу үшін энергия объектілерін салу талап етіледі. Біз энергетиканың ірі көміртекті-бейтарап объектілері енгізілгенге дейін Қазақстан Республикасының энергетикалық қауіпсіздігін және энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін бірнеше көмір станциясының құрылысын бастаймыз. Негізгі маңызды жоба - Ұлттық электр желісін жаңғырту - Мемлекет басшысының Батыс энергия жүйесін ҚР бірыңғай энергия жүйесімен қосу жөніндегі тікелей тапсырмасын орындау, сондай-ақ Батыс және Шығыс Қазақстанның жаңартылатын энергия көздерінің әлеуетін толық көлемде кәдеге жарату мүмкіндігі. Жел және күн энергетикасын дамыту үшін үлкен мүмкіндіктер бар. Негізгі жоба - еліміздің оңтүстігінде базалық қуат көзін салу жобасы. Болжамдық-энергетикалық теңгерім 2032 жылға қарай қуаты 2400 мегаваттқа дейінгі атом станциясын салу қажеттігін көрсетті. Сондықтан Үкіметтің жетекшілігімен Қор осы жобаны іске асыруға кірісті. Жұмыстың барысы туралы мүдделі тұлғаларға, журналистерге, қоғамға баяндайтын боламыз», - деді спикер.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1663236121
-
17.09.2022
Серіктестермен коллаборация жасау және шетелге шығу. ҚТЖ ірі холдингке айналады «Қазақстан Темір жолы» компаниясы толыққанды логистикалық корпорация болып қайта құрылады. «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, функционалдылықты өзгерту, ҚТЖ құзыретін күшейту, оның қатысу географиясын кеңейту жоспарлануда. «Қазақстан - негізгі логистикалық өңірлік хаб, сондықтан транзиттік тасымалдардың өсу қарқынын сақтап, көліктік қызметтердің әлемдік нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттырып, сондай-ақ сервис сапасын жақсартып, сараптамалық-транзиттік әлеуетті іске асыру қажетті. Осы мақсатта функционалдылықты өзгертуді, ҚТЖ құзыреттерін күшейтуді, оның ішінде талдау жұмысын жақсартуды, логистика бойынша құзыреттер орталықтарын құруды, компанияның қатысу географиясын кеңейтуді, яғни шетелде логистикалық қызметтерді ілгерілетуді, негізгі терминалдардың жұмысын күшейтуді, серіктестермен, көліктің басқа түрлерімен, оның ішінде яхталармен, авиамен, теңіз көлігімен коллаборация жасау, компаниялардың жұмыс істеуі үшін институционалдық негізді дамытуды, сондай-ақ қолданыстағы ұйымдық құрылымды және бизнес процестерді өзгертуді жоспарлап отырмыз. Соның ішінде компанияның жекелеген құрылымдық бөлімшелерін жекешелендіру қарастырылған», - деді спикер. Реформалар нәтижесінде Самұрық-Қазына тең инвестор ретінде Президент айқындайтын аса маңызды жобаларға ғана қатысатын болады. https://ortcom.kz/kk/novosti/1663234917
https://ortcom.kz/ru/novosti/1663234917