Жаңалықтар
-
-
17.09.2022
Экономикадағы үлесті азайту және үздік әлемдік тәжірибені енгізу. «Самұрық-Қазына» қоры жаңа даму стратегиясының жобасын ұсынды Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында «Самұрық-Қазына» қоры бойынша нақты тапсырма берді. Атап айтқанда, үздік инвестициялық компанияларға бағдарланған жұмыстың жаңа моделін айқындау бойынша. Бұл жұмысты іске асыру үшін Қор 2023-2032 жылдарға арналған стратегия жобасын әзірледі, жаңа тұжырымдамалар, миссиясы айқындалды, ұзақ мерзімді мақсаттар цифрландырылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді. Оның айтуынша, халықаралық компаниялар бойынша өндірістік салада да, алдыңғы қатарлы инвестициялық холдингтерде де терең талдау жүргізілді. «Компанияның миссиясы - Қазақстан халқының мүддесі үшін активтердің сараланған портфелі мен бизнес портфелін тиімді басқару арқылы экономиканың тұрақты дамуын анықтау және ұзақ мерзімді құнды құру. Біз бизнес үшін экожүйе құратынымызды жарияладық. Негізгі басымдықтар ретінде орнықты даму, сондай-ақ активтер портфелін тиімді және белсенді басқару жарияланатын болады. Бұл ретте «Самұрық-Қазынаның» Қазақстан экономикасындағы үлесі 2032 жылға қарай 5%-ға дейін төмендейді, сондай-ақ атмосфераға көмірқышқыл газы шығарындыларын 10%-ға азайтатын боламыз», - деп атап өтті спикер. Сонымен қатар, таза активтердің құнын арттырудың негізгі міндеттері белгіленді. Еңбек өнімділігін арттыру, жоғары технологиялық өндірістерді дамыту, қаржылық тұрақтылық, активтерді жаңғырту, портфельдік компаниялар басшыларының дербес жауапкершілігін арттыру бойынша мақсат қойылды.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1663216472
-
-
-
-
-
15.09.2022
Ресейде Роза Бағланованың 100 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар өтіп жатыр Биылғы жылы әлемге әйгілі әнші Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойы атап өтілуде. Айтулы күн аясында ауқымды іс — шаралар-концерттер, көрмелер, оған арналған фильмдердің таныстырылымы мен көрсетілімі т.б. көрермен назарына ұсынылып келеді. Халықтың сүйікті әншісінің мерейтойы Ресейде де тойланып жатыр. Бүгін Ресей астанасы Мәскеу қаласында фотокөрме ашылып мерекелік концерт өтті. Іс-шараға Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, зиялы қауым мен қазақ диаспорасының өкілдері қатысты. «Осындай ірі іс-шаралар Қазақстанда ғана емес, басқа елдерде де өткізіліп жатқаны қуантады. Мұндағы фотосуреттердің әрқайсысы Роза Бағланованың мағыналы өмірінің жарқын сәттерін ғана емес, сонымен бірге бүкіл дәуірдің өрлеуін де бейнелейді», — деді министр Дәурен Абаев ХШЖК-де көрменің ашылуы аясында. Фотокөрмеде артистің өмірі мен шығармашылығының әртүрлі қырын танытатын 30-дан астам бірегей фотосурет қойылған. Көрме 7 бөлімнен тұрады: «Бірінші Роза», «Соғыс жылдарындағы ерлік пен даңқ», «Шығармашылық шыңы», «Әр ән — жауһар», «Бүкіл әлемді жаулап алған Роза», «Қоғамдық-саяси қызмет» және «Халық сүйіспеншілігіне бөленген жарқын өмір». Дәурен Абаевтың айтуынша, әншінің 100 жылдығы ЮНЕСКО-ның атаулы күндер күнтізбесіне енген, ал қазан айында ұйымның штаб-пәтерінде Р.Бағланованың құрметіне үлкен концерт жоспарланған. Сондай-ақ, қараша айында Қазақстан астанасында халықаралық вокалистер байқауы өтеді.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1663150242
-
-
15.09.2022
17 ауылдық тірек мектеп: «Қазақстан халқына» қоры Ақмола облысында алғашқы тірек мектепті жабдықтады «Қазақстан халқына» қоры Ақмола облысының Қатаркөл ауылындағы Досов атындағы орта мектепті қажетті материалдық-техникалық жабдықпен қамтамасыз етті. Орта мектеп қордың «Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту» қайырымдылық жобасына қатысушы 17 тірек мектептің алғашқысы. 17 тірек мектепті жабдықтауға «Қазақстан халқына» қорынан 4,25 млрд теңге бөлінген. Еліміздің 17 өңірінде НЗМ оқыту әдістемесі бойынша ауылдық тірек мектептер жабдықталып, олардың әрқайсысын жарақтандыруға 250 млн теңгеден бағытталады. Жобаны іске асыру ауыл оқушыларына өздері тұратын жерде сапалы білім алуға, сондай-ақ білім беру ресурстарын шоғырландыруға мүмкіндік береді. 12 қыркүйекте осындай тірек мектептердің бірінің тұсаукесеріне «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрағасы Болат Жәмішев, «Beeline Қазақстан» бас атқарушы директоры Евгений Настрадин, «НЗМ» ДББҰ басқарма төрағасы Күләш Шәмшидинова, Білім беруді тұрақты дамыту қорының құрылтайшысы, Aitas холдингінің басшысы Серік Толықпаев, Ақмола облысы әкімінің орынбасары Елдос Рамазанов және БАҚ өкілдері қатысты. Мектепте 39 кабинет пен үй-жай жаңартылып, жиһаз бен жабдықтар жиынтығы, оқытудың техникалық құралдары, құрал-саймандар мен керек-жарақтар, көрсету құралдары, сәндік-көркем бұйымдар, баспа құралдары сатып алынды. Соның ішінде бейне қабырға мен ақпараттық киоск, арт-студия, онлайн сабақтар мен шеберлік сабақтарын жазуға арналған телестудия, шеберханалар бар. Қазір сабақтар интерактивті панельдерді, жаңа құрылғылар мен демонстрациялық материалдарды қолдана отырып жүргізілуде. Сондай-ақ оқу орнында мектеп жасына дейінгі балаларға арналған шағын орталық бар.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1663149750
-