Жаңалықтар
-
-
-
07.09.2022
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/– 1,0 п.т. пайыздық дәлізімен жылдық 14,5% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады. Тиісінше, өтімділікті ұсыну жөніндегі тұрақты қол жеткізу операциялары бойынша мөлшерлеме 15,5%-ды, ал өтімділікті алу жөніндегі тұрақты қол жеткізу операциялары бойынша мөлшерлеме 13,5%-ды құрайды. Шешім қалыптасқан экономикалық жағдайды, тәуекелдер теңгерімін, сондай-ақ Ұлттық Банктің жаңартылған болжамдарын ескере отырып қабылданды. Логистикалық қызметтер құнының өсуінен, сауда әріптесі болып табылатын елдердегі жоғары инфляциядан және теңге бағамының рубльге қатысты әлсіреуінен туындаған сыртқы сектор тарапынан қысым сақталуда. Дегенмен әлемдегі азық-түлік бағасы төмендеп келеді. Бағаның өсуіне түрткі болған ішкі қозғаушы күштер арасында әлемдік нарықтардан кейін азық-түлік бағасының төмендеуін тежейтін және орта мерзімді перспективада сұраныс тарапынан жоғары қысым көрсететін ынталандырушы фискалдық серпінді атап өтуге болады. Жоғары инфляция ішкі бағалардың сыртқы баға өзгерістеріне бейімделуіне негізделген, бұл қазіргі кезеңде ақша-кредит талаптарын қосымша қатайтуды талап етпейді. Бұдан басқа, 2022 жылдың басынан бастап базалық мөлшерлеменің айтарлықтай артуының экономикаға әсері әлі де болса соңына дейін байқалмай отыр және шараларды түзету үшін кейіннен тиісті бағалау жүргізу қажет. Базалық мөлшерлеменің ағымдағы деңгейі қаржы нарығының орнықтылығын қамтамасыз ету және экономика субъектілерінің жинақтау белсенділігін қолдау үшін жеткілікті.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1662373479
-
-
07.09.2022
Германия тәжірибесі қалдықтарды өңдеу кезінде пайдаланылатын болады ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері ГФР Экономика және климатты қорғау Федералды министрлігінің Сыртқы экономикалық саясат департаментінің басшысы Д.Шнихельспен кездесу өткізді. Кездесу барысында климаттық саясат, қалдықтарды қайта өңдеу, парниктік газдар шығарындыларын азайту шаралары, табиғи ресурстарды барлау саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Т.Момышев Германия үкіметіне климаттың өзгеруі мәселелеріне жан-жақты қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді, GIZ-тің 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясын әзірлеуге қосқан үлесін атап өтті. Қазіргі уақытта стратегия жобасы пысықталды және халықаралық ұйымдарды қоса алғанда, мүдделі тараптармен жоба талқылануда. Сонымен қатар, іс-шара аясында тараптар «Қазақстандағы қалдықтарды қайта өңдеу және циклдық экономика» қазақстан-неміс жұмыс тобының пилоттық жобасын талқылады. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі З.Сүлейменова Министрліктің 2021 жылғы 18 қазаннан бастап Тараз қаласында «Қазақстандағы циклдік экономика» жобасын іске асырып жатқан Орталық Азиядағы Германия экономикасының өкілдігіне ризашылығын білдірді. Осы жобаның мақсаты қалдықтарды басқару жүйесінің жай-күйіне талдау жүргізу, Тараз қаласындағы қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу үлесін пайыздық ұлғайту болып табылады. Осы жоба аяқталғаннан кейін қалдықтарды басқару саласында экологиялық тұжырымдама әзірленетін болады, ол жергілікті атқарушы органдар әзірлейтін коммуналдық қалдықтарды басқару бағдарламасының негізі бола алады. Сондай-ақ, кездесу барысында тараптар геологиялық-геофизикалық деректер банкін өңдеу, түсіндіру, сақтау және басқару бойынша бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдану, геологиялық барлауға жаңа технологиялар трансферті бойынша тәжірибе алмасу бөлігінде ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді. https://ortcom.kz/kk/novosti/1662390924
https://ortcom.kz/ru/novosti/1662390924
-
-
-
01.09.2022
Мемлекет басшысы Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевты қабылдады Президентке облыс әкімі аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен даму перспективалары, инвестиция тарту, мұнай қорының сарқылуына байланысты газ өндіру, жаңа геологиялық зерттеу жұмыстары туралы баяндады. Аймақтың негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерінде 7 айдың қорытындысы бойынша оң динамика бар. Атап айтқанда, былтырмен салыстырғанда тартылған инвестициялар көлемі 111,5 пайыз, өндеу өнеркәсібінің көлемі 105,5 пайыз өскен. Нұрлыбек Нәлібаев мұнай қорының сарқылуы салдарынан мұнай өндіру көлемінің кемуінің орнын толтыру үшін сейсмикалық барлау, газ қорларын игеру жұмыстары қолға алынғанын жеткізді. Инвесторлармен жұмыс қарқын алып келеді. Президенттің тапсырмасына сәйкес, құны 215 миллиард теңгені құрайтын, қуаты 240 мегаватт жаңа жылу электр орталығы салынып, 2025 жылы тапсырылады. Сонымен қатар жеке инвестор есебінен 11,8 миллиард теңгеге Қызылорда қаласы әуежайының жаңа терминалы 2024 жылы халық игілігіне берілмек. Облыс әкімі Сырдария өзенінің жоғарғы ағысында орналасқан мемлекеттер арасындағы келіссөздер нәтижесінде су көлемі былтырғы деңгейден артқанын жеткізді. Аймақта суды аз қажет ететін майлы және жемдік дақылдар алқаптарын ұлғайтуға басымдық беріліп, бақша және көкөніс алқаптарының көлемі көбейген. Сондай-ақ күріш саласын дамытудың жаңа бағдарламасы әзірленбек. Мемлекет басшысына баяндалған тағы бір мәселе – еңбек дауларын шешу. Аймақтағы ірі 49 кәсіпорынмен меморандумға қол қойылды. Алдағы уақытта қызметкерлердің еңбекақысын кезең-кезеңімен арттыру көзделген.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1661934883
-
-