Жаңалықтар
-
-
01.09.2022
Конституцияға енгізілетін жаңа түзетулер құқық қорғау әлеуетін нығайтуға бағытталған – Омбудсмен Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова ҚР Конституциясына енгізілген жаңа түзетулер, адам құқықтары мен бостандықтары, Конституциялық соттың рөлі, сондай-ақ Омбудсмен институтының алдында тұрған міндеттермен бөлісті. «Биыл жазда өткен республикалық референдумда халықтың 77% - дан астамы конституциялық түзетулерге дауыс берді. Бұл Мемлекет басшысы мен билік органдарына сенім арту деп білемін. Қыркүйек айында Парламент қабылданған конституциялық түзетулерді іске асыру үшін Үкіметтің әзірлеген заң жобаларын қарауға кіріседі. Біз заң жобаларын, соның ішінде Конституциялық Сот туралы, Уәкіл туралы және Прокуратура туралы конституциялық заңдарды талқылауға белсенді қатысуымыз керек. Оларды қабылдау жақын арада жоспарланып отыр», дейді Э.Әзімова. Омбудсменнің конституциялық мәртебесі еліміздің Ата Заңында алғаш рет бекітілді. Азаматтардың құқықтарын қорғауда және қалпына келтіруде Омбудсмен өз қызметінде мемлекеттік органдардан тәуелсіз болуы үшін бұл нормаларды Конституция деңгейінде бекіту туралы шешім қабылданды. «Мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда адамның құқығы мен бостандығын қорғау мемлекеттік саясаттың басым бағыты деген қатаң түсінікті қалыптастыруымыз қажет. Атқарушы мемлекеттік органдар өз міндеттерін тиісті түрде орындамаған жағдайда, Уәкіл жәрдемдесуге және оларды құрметтеу туралы білімді насихаттауға ықпал етуі қажет», деп атап өтті Уәкіл. Мұнда жаңадан құрылған органның рөлін де атап өту керек. Бұған дейін мемлекет тарихында Конституциялық сот болған, ол 1992-1995 жылдары қызмет атқарған. Кейін ол Конституциялық кеңес болып өзгерді. «Бұл құрылып жатқан Конституциялық Соттың артықшылығы - Президенттен, Парламент депутаттарынан, Премьер-Министрден басқа, енді бұл сотқа азаматтардың өздері, Омбудсмен (уәкіл) және Бас прокурор өтініш жасай алады. Яғни заңдар мен басқа да нормативтік құқықтық актілердің Конституция нормаларына сәйкестігін конституциялық бақылауды талап ете алатын субъектілер шеңбері едәуір кеңейді». Конституциялық соттың құрамына 11 судья кіреді, олардың төртеуін Ел Президенті тағайындайды, қалған үш-үш судьядан Сенат пен Мәжіліс тағайындайды. Әзімованың айтуынша, қазіргі уақытта Уәкілдің аймақтық өкілдіктерін ашу бойынша жұмыс жүргізілуде, әсіресе ауылдық жерлерде тұратын азаматтар үшін жүгіну қолжетімді болмақ. Олар осы жылдың соңына дейін жұмыс істейтін болады. «Уәкіл институты мен оның аппаратына мемлекеттік билік пен халық арасындағы кері байланысты қамтамасыз ету бойынша үлкен жауапкершілік жүктелген. Бұл ретте, белсенді әрі қамқор азаматтар, кәсіби заң кеңесшілері, медиаторлар, адвокаттар, үкіметтік емес ұйымдар біздің сенімді серіктестеріміз болып табылады. Мемлекеттік органдар да олардың қатарында. Өйткені олар құқық бұзушылықтарға әкеп соққан өз шешімдерін бойынша жедел шаралар қабылдауы тиіс. Біздің жұмысымыз Конституцияның 1-бабында белгіленген адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары Қазақстанның ең қымбат қазынасы деген мақсатқа сай болуы тиіс», - деп түйіндеді Э.Әзімова.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1661832509
-
01.09.2022
ҚР Президентінің Жолдаулары қалай жүзеге асырылуда 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялайды, оның негізгі бөлігі елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналады деп күтілуде. Жолдау қарсаңында Primeminister.kz редакциясы Мемлекет басшысының 2021 жылғы қыркүйек және 2022 жылғы наурыздағы Жолдауларының іске асырылуы қазақстандықтардың өміріне қалай әсер еткені туралы шолу дайындады. Жалақыны көбейту, бизнесті қолдау, білім беруді жақсарту және инфрақұрылымды жаңғырту: ҚР Президентінің Жолдаулары қалай іске асырылып жатыр Жалақыны және әл-ауқатты арттыру Президенттің қыркүйек айындағы Жолдауын орындаудың алғашқы және негізгі қадамдарының бірі 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін (ЕТЖ) 60 мың теңгеге дейін көбейту болды. Бұрын 42 500 теңгені құраған бұл көрсеткіш 2018 жылдан бері өспеген. Бұл шара елдегі шамамен 1,7 млн қазақстандықтың табысын ұлғайтуға мүмкіндік берді, олардың экономикалық белсенділігі мен сатып алу қабілетін арттырды. Сонымен қатар биыл әлеуметтік төлемдер екі рет индексацияланды. Бұл 4,1 млн адамға әсер етті, оның 2,2 млн-ы – зейнеткерлер. Жалпы мультипликативтік әсердің арқасында ЕТЖ ұлғаюы елдің экономикалық дамуының көптеген көрсеткіштеріне оң әсерін тигізді. Сондай-ақ 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақыларын кезең-кезеңмен жыл сайын орта есеппен 20%-ға арттыру басталды. Бұл шара 600 мыңға жуық адамды қамтыды, олардың ішінде бухгалтерлер, экономистер, заңгерлер, мұрағатшылар, кітапханашылар, музейтанушылар, орманшылар, техникалық персонал және т.б. бар. 2025 жылға дейін осы жұмысты жүргізу үшін Үкімет деңгейінде барлық қажетті нормативтік актілер қабылданды. Сонымен қатар 2020 жылдан бастап 600 мыңнан астам азаматтық қызметші, оның ішінде ұстаздар, дәрігерлер және әлеуметтік сала қызметкерлері жалақысының артқанын атап өткен жөн. Азаматтардың әл-ауқатына әсер еткен тағы бір үлкен қадам бизнесті өз қызметкерлерінің жалақысын арттыруға ынталандырудың шаралар кешенін әзірлеу болды. Мемлекет басшысының айтуынша, соңғы он жылда еңбекақы төлеу қорының өсімі кәсіпорын иелері табысының өсімінен шамамен 60%-ға артта қалған. Осы жұмыс аясында микро және шағын кәсіпкерлік үшін жүктемені 34-тен 25%-ға дейін төмендете отырып, еңбекақы төлеу қорынан бірыңғай төлем енгізу, реттелетін сатып алуға қатысу жөніндегі талаптардың өзгеруі, сондай-ақ жалақыны өсіретін кәсіпорындарды мемлекет тарапынан қолдау көзделген.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1661915955
-
01.09.2022
ҚР ИИДМ жыл басынан бері Мемлекет басшысының 95 тапсырмасын орындады Бұл туралы ведомство басшысы Қайырбек Өскенбаев өзінің Telegram арнасында жазды. «Өздеріңізге мәлім, биыл шілде айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында біздің министрлікке «ҚазАвтоЖол» мен «Казахавтодорды» біріктіріп, біртұтас автожол компаниясын құруды тапсырған болатын. Президент тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында біз аталған екі жол операторын біріктіру бойынша Үкімет қаулысының жобасын дайындап, ол Үкімет мүшелері тарапынан қолдау тапты. Осылайша, «ҚазАвтоЖол» мен «Казахавтодор» біртұтас жол компаниясына біріктірілді. Бүгін екі жол операторын қосу жұмыстары басталды. Таяу арада аталған компаниялардың облыстық филиалдарының әкімшілік-басқару персоналын қысқарту жолымен біріктіру жоспарлануда», – деп жазды Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі. Сондай-ақ ол жыл басынан бері Мемлекет басшысының 95 тапсырмасының орындалғанын атап өткен. Олардың қатарында автокөлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникаларын шығаратын отандық зауыттарға кең көлемдегі тексеру жұмыстарының жүзеге асқаны, жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламаларының іске қосылуы, соңғы үш жылда салынған үйлерге ревизия жүргізілгендігі, арнайы экономикалық аймақтардың тиімділігін арттыруға және АЭА Басқарушы компанияларының кадрлық құрамын нығайтуға арналған Жол картасы қабылдануы, халықаралық жүк тасымалын дамыту үшін ұйымдастыру іс-шараларының жоспары әзірленуі сынды жұмыстар бар. Сонымен қатар ҚР ИИДМ басшысы халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған тобына жалдамалы тұрғын үйді субсидиялауға арналған өтінімдер қабылдайтын цифрлы платформасы мен тұрғын үй коммуналдық шаруашылықтың цифрлық жүйесі болып табылатын «Е-шаңырақ» ақпараттық жүйесінің іске қосылғанына тоқталған. «Қорытындылай айтқанда, Мемлекет басшысының барлық тапсырмалары ерекше бақылауда және олар дер кезінде орындалуда», – деп атап өтті Қайырбек Өскенбаев. https://ortcom.kz/kk/novosti/1661673120
https://ortcom.kz/kk/novosti/1661673120
-
-
-
-
15.08.2022
Хабарландыру!
Ақмола облысы білім басқармасыны Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі жанындағы ...
-
11.08.2022
Тұтынушы құқығы
https://drive.google.com/file/d/1XclHyFS13oP0xQiOdJ3HeidZU1PvNfrO/view?usp=sharing ;
-