Жаңалықтар
-
14.09.2022
Қазіргі қарқынды төмендетпеу керек – Әлихан Смайылов 8 айдағы Қазақстанның дамуын қорытындылады ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында биылғы 8 айдағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы қаралды. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров биылғы қаңтар-тамызда Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 3,1%-ды құрағанын мәлімдеді. Нақты сектор 3,3%-ға өсті, қызмет көрсету саласында іскерлік белсенділік 2,3%-ға өсті. Салалар арасында құрылыс, ақпарат және байланыс, көлік және қоймалау, сауда, өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, тау-кен өндіру өнеркәсібі жақсы қарқынмен өсіп келеді. Сонымен қатар негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 5,7%-ға дейін жеделдеді. Аталған кезеңде сыртқы сауда айналымы 36,9%-ға өсіп, $74,3 млрд-ты құрады: экспорт 52,9%-ға өсіп, $48,9 млрд болды, оның ішінде өңделген тауарлар 35,7%-ға өсіп, 14,3 млрд болды, ал тауар импорты $25,3 млрд-қа жетті. Оң сауда теңгерімі $23,6 млрд-қа жетті. Өңдеу өнеркәсібі салалары бойынша машина жасау өндірісі 7,9%-ға, оның ішінде автомобиль жасау 18,2%-ға, электр жабдықтары өндірісі 8,3%-ға, тамақ өнімдерінің өндірісі 3,5%-ға, сусындар өндірісі 7,5%-ға, пластмасса бұйымдарының өндірісі 5,1%-ға, дайын металл бұйымдары өндірісі 2,4%-ға, химия өнеркәсібі 11,8%-ға, киім-кешек өндірісі 7,1%-ға өсті.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1663046880
-
-
-
14.09.2022
15 қыркүйектен бастап ЖҚС жанар-жағармай босатуды есепке алудың цифрлық жүйесін енгізіледі ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында күн тәртібінен тыс ішкі нарықты жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету мәселесі қаралды. Энергетика министрі Болат Ақшолақов ішкі нарықты мұнай өнімдерінің қажетті көлемімен қамтамасыз ету үшін жанармай бекеттері мен мұнай базаларындағы отын қоры ұлғайтылғанын, оны жеткізу бағыттары оңтайландырылғанын, өнімсіз делдалдарды алып тастау және ҚР аумағынан отын шығаруды шектеу бойынша шаралар қабылданғанын айтты. Бұдан басқа, Энергетика министрлігінде және жанармай бекеттерінің ірі желілерінде жанар-жағармай бағасын негізсіз көтеру және оны сатудан бас тарту мәселелері бойынша азаматтардың өтініштеріне жедел жауап беру үшін колл-орталықтар құрылды. Премьер-Министр жанармай нарығындағы жағдайды тұрақтандыру үшін Үкіметтің барлық қажетті шұғыл шараларды қабылдағанын атап өтті. Әр облыста мұнай базалары мен ұсақ жанар-жағармай құю бекеттерін бақылау жөніндегі комиссиялар құрылды, зауыттарда мұнай өңдеу және дизель отынын өндіру көлемі ұлғайтылды, сондай-ақ зауыттардан мұнай базаларына және барлық өңірдегі жанармай құю бекеттеріне дейін мұнай өнімдерінің логистикасы жолға қойылды. «Мұнай өнімдерін әкетуге жол бермеу мақсатында қажетті экспорттық шектеулер енгізілді, дизель отыны ішкі нарыққа делдалдарсыз жеткізіледі. Қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде жанар-жағармай нарығындағы ахуал бір қалыпқа келіп жатыр», — деді Әлихан Смайылов. Дегенмен жағдайды үнемі назарда ұстап, қатаң бақылау қажет. Мысалы, кейбір өңірлерде сұйытылған газ тапшылығы пайда болды. «Сондықтан кешенді жұмысты одан әрі жалғастыру керек, өңірлерде отын тапшылығы мен іркілістер болмауы тиіс», — деді Премьер-Министр. Сөз соңында Әлихан Смайылов 15 қыркүйектен бастап жанармай құю станцияларында жанар-жағармай босатуды есепке алудың цифрлық жүйесін енгізуді, ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін жеңілдікті дизель отынын бөлу жүйесін енгізуді қамтамасыз етуді, сондай-ақ өңірлердегі халықты сұйытылған газбен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауды тапсырды. Сонымен қатар 2023 жылдан бастап Энергетика министрлігіне мұнай өнімдерін сату кезінде өнімсіз делдалдарды қатыстырмайтын мұнай өңдеудің жаңа жүйесіне көшу тапсырылды.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1663051631
-
-
-
-
-
-