Жаңалықтар
-
21.09.2022
Шаруаларға әкімшілік жүктеме төмендейтін болады – Әлихан Смайылов ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Қостанай облысына жұмыс сапары аясында елдегі ірі сүт өңдеу кәсіпорындарының бірі – «МИЛХ» ЖШС барды. Компания сүт өнімдерінің 120-дан астам түрін шығарып, оны ішкі нарыққа және Ресей Федерациясының аймақтарына экспортқа жөнелтеді. Алдағы уақытта кәсіпорын Қытай нарығына шығуды жоспарлап отыр. Компания зауыттарында заманауи жоғары технологиялық жабдықтар орнатылған. 2023 жылы неміс серіктесінің қолдауымен ірімшіктер шығаратын жаңа өндірістік кешен іске қосылады. Премьер-Министр агроөнеркәсіп кешеніндегі басты міндеттердің бірі ауыл шаруашылығының өңделген бәсекеге қабілетті өнімдерін, атап айтқанда, сүт өнімдерін өндіру көлемін арттыру екенін атап өтті. «Өзімізді толық қамтамасыз етіп, шетелдік нарықтарға шығуымыз керек. Бұл бағытта үлкен әлеуетіміз бар», — деді Әлихан Смайылов. Сонымен қатар Премьер-Министр кәсіпорында өңірдің ауыл шаруашылығы өндірушілерімен кездесу өткізді, онда агроөнімдерді қайта өңдеу және экспорттау, жұмыс орындарын құру, субсидиялау, жеңілдікті несие беру, суару, жемшөп дайындау және т. б. мәселелер талқыланды. Әлихан Смайылов мемлекет өндірушілерді қолдауды кезең-кезеңімен, оның ішінде субсидиялау және кредиттік ресурстардың қолжетімділігін арттыру арқылы кеңейтуді жалғастыратынын атап өтті.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1663556524
-
-
-
-
18.09.2022
Енді барлық саяси институттарды қайта іске қосу міндеті тұр - Ерлан Қарин ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин Парламенттің бірлескен отырысында қабылданған Конституцияға енгізілген өзгертулерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Бүгін Парламент қабылдаған саяси реформалардың пакеті Қазақстанның жаңа демократиялық модельге көшкенін білдіреді. Бұл модельде Президент бір мерзімге қайта сайлану құқығынсыз сайланады (оның үстіне бұл норма өзгеріссіз қалады және қайта қарауға мүмкін болмайды). Сондай-ақ Конституциялық сот судьяларының өкілет мерзімі президенттік және парламенттік өкілет мерзімдерінен ұзақтау болмақ. Бұл реформалардың пакетін бұрын іске асырылған конституциялық реформамен бірге қарау қажет: жаңа Конституциялық сот институты құрылды; бір мезгілде Парламенттің өкілеттігі кеңейіп, Президенттің өкілеті қысқартылды; аралас сайлау жүйесі енгізіліп, партияларды тіркеу рәсімін оңайлады; өңірлердің дербестігін күшеймек», - деп жазды ол телеграм каналында. Оның пайымынша, енді саяси институттарды қайта іске қосу қажет. Ал ол үшін президенттік және парламенттік сайлаулар өткізу керек. «Мұның бәрі, түптеп келгенде, мемлекеттік құрылымның институционалдық келбетін билік тармақтарының арасында барынша теңгерім қалыптастыра отырып түзеді. Жаңа мемлекеттік модель биліктің ұдайы ротациялануын, саяси жүйенің болжамдылығы мен орнықтылығын қамтамасыз етеді және тұтастай алғанда, мемлекетіміздің одан әрі дамуын тек демократиялық бастауларда, саяси бәсекелестік негізінде баянды етеді. Басқаша айтқанда, реформалардың жаңа пакеті саяси жүйенің өзгеру процесін аяқтайды. Енді барлық негізгі саяси институттарды (Президент, Парламент, мәслихаттар, Үкімет) қайта іске қосу міндеті тұр. Оның бірінші кезеңі Жолдауда жарияланған президенттік сайлау болады», - деді Мемлекеттік кеңесші. https://ortcom.kz/kk/novosti/1663313232
https://ortcom.kz/ru/novosti/1663313232
-
-
-
-
-
18.09.2022
Процестердің ашықтығын қамтамасыз ету үшін мониторинг жүргізуді көздейтін ақпараттық жүйе әзірленіп, сынақтан өткізілуде Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры халықтың медициналық көмек алу кезіндегі проблемаларын талдау нәтижелеріне сүйене отырып, сондай-ақ Мемлекет басшысының жақында айтылған сынын ескеріп, медициналық сақтандыру жүйесіндегі проблемаларды шешудің жаңа тәсілдерін әзірлеп жатыр. Бұл уәкілетті орган Денсаулық сақтау министрлігімен, ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттікпен, сондай-ақ өңірлік денсаулық сақтау басқармаларымен бірлесіп жүзеге асырылуда. Бұл туралы қордың басқарма төрағасы Айдын Ашуев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында мәлімдеді. «Процестердің ашықтығын қамтамасыз ету үшін деперсонализацияланған айқаспалы және толассыз мониторинг жүргізуді көздейтін ақпараттық жүйе әзірленіп, сынақтан өткізілуде. Бұл, алдымен, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жояды. Сарапшыға медициналық көмек алатын пациенттің бағытын көруге мүмкіндік береді. Қор медициналық қызметті алу фактісін растау үшін жеке верификация тетігін енгізуді жоспарлауда. Әрi қарай дәл осындай механизм медициналық көмектің сапасын бағалау үшін де қолданылады. Осылайша, адамдар қандай қызметтерді алғандарын және қандай мөлшерде алғанын көре алады, ал Қор көрсетілген медициналық қызметтер үшін қаражат төлеу кезінде осыны ескереді. Азаматтардан шағым түскен кезде, олардың көпшілігін медициналық ұйымдарда пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметтері деңгейінде, осы бөлімшелерде жүйелі жұмыс болған кезде шешуге болатындығы анық. Осыны ескере отырып, медициналық ұйымдармен бірлесіп ішкі аудит және пациенттерді қолдау қызметтерінің жұмысына жүйелі тәсілдер пысықталуда», - деді спикер.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1663321258