"Айгөлек" Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

Бүгін жаздың бірінші күні, ал онымен бірге ең басты балалар мерекесі – Балаларды қорғау күні келді. Баршаңызға ашық аспан, бейбіт өмір тілейміз.Бұл мерекені барша қазақстандықтар көтеріңкі көңіл-күймен, ерекше жылылықпен мерекелейді, өйткені балалар біздің болашағымызды жалғастырушы, халқымыздың мақтанышы, еліміздің ертеңі!

Гүлмен келсін келер күн
Бала-бағы бар елдің
Балалардың күлкісі
Көркі, сәні әлемнің.