"Шай күні" тақырыптық күні

12 маусым күні №10 "Күншуақ" ересек тобында  шай күні өтті. Оны тәрбиеші Назгүл Қабибулаевна жүргізді. Балалар өздерінің ой-өрісін кеңейтті, шай туралы, шай қандай болатыны, шай қалай дайындалатыны, дәм үшін шайға не салады, шайдың отаны, әр түрлі елдерде шай ішу рәсімдері туралы көп білді.