Қазақстан Республикасы халқының Тілдер онкүндігіне арналған «Мәңгілік елімнің –мәңгілік тілі» атты іс-шара есебі

Степногорск қаласының білім бөлімі жанындағы

МКҚК №1 «Айгөлек» балабақшасы

Қазақстан Республикасы халқының Тілдер онкүндігіне арналған    «Мәңгілік елімнің –мәңгілік тілі» атты іс-шара есебі

                                                                   Дайындаған қазақ тілі мұғалімі: Саликова Н.М.

                                                                                              2020 жыл

         №1«Айгөлек» балабақшасында Қазақстан Республикасы халқының Тілдер онкүндігіне арналған«Мәңгілік елімнің –мәңгілік тілі» атты іс-шаралар өтілді.

Мақсаты:

- Балалардың Отан сүйгіштік сезімдерін нығайту

- Мемлекеттік тілде еркін сөйлеу дағдысын жетілдіру

- Балалардың  тілге деген  қызығушылығын арттыру

Всего  педагогов: 5

Всего детей: 56

Қатысқандар:№7«Ақбота»мектепке дейінгі тобы, Тәрбиешілері Проценко Т.В.,Пероева Т.

№4 «Непоседы» ересек  тобы Тәрбиеші Рева Н.М.,№5 ересек тобы,Тәрбиешісі Крестова Л.В.

14.09 күні  онкүндіктің  ашылуы  салтанатын  №4 «Непоседы» ересек  тобы  бастады, ҚР-ның  әнұранымен ашылып, балалар өз  өнерлерін ортаға салып, әртүрлі   ойындар өткізіліп, қазақ тілінде ән орындап,өнерлерін көрсетті.

       15.09.20ж-16.09.20ж «Менің елім – менің мақтанышым» атты тақырыбы  бойынша барлық  топтар ішінде сурет  көрмесі  өткізілді. Тәрбиешілер мен ата-аналар  ат салысып,балалардың  жұмыстары  бағаланды

      17.09 күні ортаңғы,ересек  топтарда дене  шынықтыру  пәнінің  мұғалімі Корунец О.А. «Ұлтаралық  ойындар» ойындарын өткізді.

          18.09. күні «Жылы сөздер күні!» Қазақ тілі мұғалімі өткізді балалар қазақ тілінде бір-біріне жылы сөздер айтып жақсы көңіл күйімен бөлісті.

18.09. :№7«Ақбота»мектепке дейінгі тобы Тілдер мерекесіне арнап тақпақ жаттауларын айтты. Тәрбиешілері Проценко Т.В.,Пероева Т.Балалармен  бірлесе отырып  қабырға газетін дайындады.Тілдер күніне байланысты Проценко Т.В. тақырыптық оқу қызметін өткізід.

    21.09 күні  «Тілден асқан байлық жоқ!» №5 топтың тәрбиешісі  Крестова.Л.В. Қазақ халқының ұлттық

киімдері,тұрмыс састы,ұлттық аспаптары жайлы  балаларға мәлімет берді.Көрнекіліктер қолданды.

 22.09.2020ж Қазақстан Республикасы халқының Тілдер онкүндігіне арналған    «Мәңгілік елімнің –мәңгілік тілі» атты іс-шара аяқталды.Онкүндіктпің мақсаты балалардың бойына тілге,отанға деген сүйіспеншілік,тілді құрметтеу,қастерлеу еді.Ол міндетолыққанды орындалды деп ойлаймын .